Атырау, 15 қаңтар 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Ақтөбеде ауыл тұрғындары блокбекетті алып тастауды талап етіп жатыр

3 104 просмотра

Ақтөбенің Шилісай ауылының тұрғындары блокбекетті алып тастауды талап етіп жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, облыс орталығының іргесінде тұрған елді мекен тұрғындары азық-түлік ала алмай жүр.

"Пленда отырған сияқтымыз. Иә онда жоқ. иә мында жоқ. Ешқандай дәріхана жоқ, дүкен жоқ. Су жоқ. Суды қалаға барған сойын таситын едік. Бір колонка қосып еді. Жазға қарай ол әлсіз болып қалды", - дейді тұрғындардың бірі Нұрлан Қасымов.

Тұрғындардың айтуынша, ол ауданда интернет те жоқ.

Ақтөбенің Алматы ауданы әкімінің орынбасары Бақұзақ Дариннің айтуынша, бұл мәселе министрліктің құзырында.

"Шилісай елді мекені арқылы далалық жолдар көп. Әрмен қарай шығып кетуге болады. Айналма жолдарға мына жер нағыз тиімді. Оны көшіру не жылжыту не блокбекетті ашу облыстық не қалалық штабтың құзырында емес. Ол жоғары жақтағы министрліктің құзырында", - дейді Бақұзақ Дарин.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 мамыр 2020, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.