Атырау, 20 сәуір 07:16
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ноғаев: ОПЕК+ келісіміне қосылудың нәтижесінде мұнай өндіру тоқтаған жоқ

3 084 просмотра

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі бірқатар кен орындарында мұнай өндіруді тоқтатпауға мүмкіндік бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ноғаевтың айтуынша, Қазақстан қазір ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін қатаң орындап отыр. 

"Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қосылды, бұл бізге резервуарлардың толып қалмауына, кейбір кен орындарының жұмысының тоқтамауына мүмкіндік береді. Қазақстан мамыр-маусым айында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқарту міндетін өз мойнына алды", - деді министр.

Айта кетейік, министр Қазақстандағы мұнай өндірісі 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке қысқаратынын айтты.

"2020 жылы 90 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын. Алайда, мұнай бағасының құбылып, пандемия кезінде әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуына байланысты өндіру көлемін 86 миллион тоннаға, яғни 4,5%-ке төмендеттік", -деді министр.

ОПЕК+ келісімі

Мамыр айының басында коронавирус пандемиясы, мұнай бағасының құлдырауы мен қара алтынға сұраныстың төмендеуіне байланысты ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқарту бойынша жаңа келісімі жасалды.

Альянс мұнай өндіруді мамыр-маусым айында тәулігіне 9,7 миллион баррельге, екінші жартыжылдықта 7,7 миллионға және одан әрі 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін 5,8 миллион баррельге төмендетуге келісті.

27 мамыр 2020, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.