Атырау, 20 сәуір 15:28
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Болат Бақауовтың бас бостандығы шектелді

2 886 просмотра

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов 3 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Және ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда жұмыс істей алмайды, сондай-ақ барлық мемлекеттік наградаларынан айырылды. 

Айта кетейік, Болат Бақауовтың қылмыстық ісі жеңілдетілген тәртіппен қаралды. Ол прокурормен процессуалды келісімге келген. Экс-әкімге Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тағылған еді. Сот онлайн режимде  өтті. Оған Skype арқылы БАҚ өкілдері де қатысты. 

Еске салсақ, Болат Бақауов өзінің лауазымдық өкілетін асыра пайдаланып, жақын туысына тиесілі кәсіпорынның төленбеген салығын 200 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге азайтуды талап еткен. Нақты осы жағдай облыс әкімін қамауға алуға себеп болды. Бақауов 2020 жылдың 15 қаңтарында қамауға алынған еді.

27 мамыр 2020, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.