Атырау, 14 қаңтар 17:55
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Министр коронавирус өршіп тұрған 7 өңірді атады

3 141 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус өршіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біртанов соңғы екі аптада ТЖ режимі аяқталғаннан бері Қазақстанда 3,5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталғанын айтты. Оның айтуынша, бұл өңірлерде өсім 5 пайызды көрсетіп тұр.

"Кей өңірлерде көрсеткіш жоғары. Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарында, БҚО-да және Шымкент қаласында коронавирус өршіп тұр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Біртанов мұны кәсіпорындарда ұжым арасында науқастардың көбеюімен байланыстырып отыр.

Осыған дейін министр қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтқан еді. . Біртановтың айтуынша, осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


27 мамыр 2020, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.