Атырау, 16 қаңтар 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Оралда төрт аурухана карантинге жабылды

2 780 просмотра

Оралда төрт емхана карантинге жабылды. Бұл туралы БҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді. 

Оралдың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен Орал қаласындағы №2, 3, 4, 5 емханалары уақытша карантинге жабылды, - деді ол.

Сонымен қатар, бұл жағдай коронавируспен ауыратын науқастардың осы ауруханаларға медициналық көмекке жүгіну фактілері болғанына байланысты екендігін айтып өтті.

Олармен байланыста болғандардың бәрі оқшауланған. CVI тестілері жүргізілуде. Теріс нәтиже болған жағдайда емханалар жұмысын қайта бастайды. Бұл жағдайда жедел жәрдем және жедел көмек көрсетілетін болады, - деді Нұрлыбек Мұстаев.

Дереккөз: Caravan.kz

26 мамыр 2020, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.