Атырау, 25 сәуір 09:58
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Сағым сынса, мені кешір" - блокбекетте қайтыс болған полицейдің жары

5 932 просмотра

Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицей Дастан Әбдіқановтың жары әлеуметтік желіде жұбайымен қоштасу-постын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қымбаттым, бізді неге тастап кеттің. Сені қатты жақсы көремін және бұған сенбеймін. Сен ең керемет күйеу және әкесің. Ұлың екеуміз сені қатты жақсы көреміз және әрдайым жақсы көреміз. Сен әрдайым жүрегіміздесің, ал ұлың үшін сен әрқашан батырсың. Менің қорғанышымсың, шуағымсың. 3 жыл бақытты өміріміз үшін рақмет. Сен тым жас кеттің, біз жоспарларымызды орындап үлгермедік. Мен не істерімді, қалай өмір сүретінімді білмеймін. Сағым сынса, мені кешір, ұлыңды қорға. Сені жақсы көремін, бұйрабасым", - деп жазды жары Динара.

Дастан Әбдіқановтың жары Динараның Instagram парақшасынан 

Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 мамыр 2020, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.