Атырау, 16 қаңтар 01:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Астаналықтар әлемдік антирейтингте көш бастап тұр

2 710 просмотра

Тұрғындардың карантинді үйде өткізуін зерттеген рейтингте астаналықтар көш бастап тұр. Мұндай мәліметпен коронавирус пандемиясы кезінде түрлі елдердің 42 мегаполисіндегі қозғалысты бақылаған Яндекс сервистері ұсынды.

Бұл рейтинг бестігінде астанамен бірге Тель-Авив (74%), Баку (72%), Минск (72%) және Ереван (69%) бар.

Мәскеу мен Нью-Йорк 26-шы және 27-ші орында. Бұл қалаларда індет тараған уақытта тұрғындардың көшедегі белсенділігі 46% болған. Мәскеуде вирус жұқтырғандар саны 155 мыңнан асты. Ал Нью-Йоркте 200 мыңға жақындап келеді.

Тұрғындары жауапкершілік танытып, карантин кезінде үйде отырған қалалар қатарында Мехико мен Мумбаи. Бұл қалалардағы тұрғындардың белсенділігі 22%-тен аспайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 мамыр 2020, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.