Атырау, 16 қаңтар 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Қазақстандық вице-адмирал шенінен айырылды

5 756 просмотра

Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов вице-адмирал шенінен айырылды. Ол, сондай-ақ, билікті асыра пайдаланғаны үшін алты жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Әскери сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Жандарбек Жанзақов ҚР ҚК 450-бабының 2-бөлігі "Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті теріс пайдалану әрекеті" бойынша сотталды.

Ол Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сондай-ақ, бұрынғы вице-адмирал алты жыл бойы орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтейді.

Әскери соттың баспасөз қызметінде сотталушыдан мемлекетке 42 401 076 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

Еске салайық, 2018 жылдың 18 сәуірінде Жандарбек Жанзақов Қазақстан ӘТК бас қолбасшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2009 жылдан бері атқарған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 мамыр 2020, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.