Атырау, 16 сәуір 17:05
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Алматыда балаға азғындық жасады деген күдікті ұсталды

3 100 просмотра

Алматыда қызға азғындық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, ер адам кеше кешке полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оны Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Ер адам үй-күйі жоқ кезбе болып шықты.

"Ер адам біздің бөлімшеге жеткізілді. Баланың анасы да шақырылды, ол қызына ешкім тиіспегенін және зорламағанын айтты. Ал ұсталған адам баладан сағат қанша екенін білгісі келгенін айтты. Одан әрі тексеру барысында жағдайдың мән-жайын анықтап, болған оқиғаға құқықтық баға береміз", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы полковник Дархан Мұсанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны 10 жастағы қызды өзіне қарай сайға шақырған күдіктіні қорқытқанын хабарлаған. Болған жайтты ол Instagram желісіндегі @kris.p.online парақшасында айтқан. 

Дереккөз: Tengrinews.kz  

22 мамыр 2020, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.