Атырау, 16 қаңтар 05:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Өтпелі кезеңдегі шетелдіктерге арналған көші-қон заңнамасының жеңілдетілген ережелері

3 224 просмотра

Алматы облысының полициясы өтпелі кезеңдегі шетелдіктерге арналған көші-қон заңнамасының жеңілдетілген ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты 12 мамырдан бастап екі ай мерзімге өтпелі кезең енгізілді. ҚР аумағында төтенше жағдай кезінде уақытша қалған және белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге ҚР ӘҚБК-да көзделген санкциялар қолданылмайды.

– Айта кету керек, шетелдіктер 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасынан қандай да бір қосымша құжаттарсыз шыға алады. Шығарып жіберу туралы соттың орындалмаған шешімдері бар азаматтар елден шығуға міндетті. Қазақстан Республикасында қалғысы келетін шетелдіктер мерзімі өткен құжаттарын ауыстыруға, сондай-ақ өзінің құқықтық мәртебесін реттеуге құқылы, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Елмурат Нурсеитов. 

Шетелдікке ҚР-да уақытша тұруға рұқсат қабылдаушы тараптың өтініші бойынша және негізді түрде рәсімделетін болады: 

– Жұмысқа, жергілікті атқарушы органмен берілген рұқсат бойынша;

– ЕАЭО азаматтары үшін (Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы)

- Еңбек шарты немесе қызмет көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт негізінде. 

– Отбасымен қосылуға-туыстық байланыстарды растайтын құжаттар болса.

– Сондай-ақ, тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген жағдайда және қабылдаушы тараптың өтініші бойынша шетелдіктер тұруға, емделуге, оқуға, бизнес жүргізуге, миссионерлікке, рұқсат ала алады.

– Еңбек көшіп-қонушылары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу қажеттілігінсіз және тиісті өтініш беру мерзімінің бұзылуына қарамастан әкімшілік жауапкершілікке тартылмай-ақ патенттер алуға өтініш білдіре алады. 

2020 жылдың 11 шілдесінде өтпелі кезең аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасында өзінің құқықтық мәртебесін реттемеген шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады, – деп толықтырды Нурсеитов.

21 мамыр 2020, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.