Атырау, 16 қаңтар 05:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Алматыда 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

3 483 просмотра

Алматыда 19 жастағы жігіт жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Туған інім Егізбаев Ілияс Болатұлы (туған жылы 25.12.2000) жоғалып кетті. Ешқашан да мұндай пост жазып, көмек сұраймын деп ойламаппын! Барлығы жаман түс сияқты", - деп жазды оның әпкесі Әсел Егізбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, Ілиястың бойы - 185 сантиметр, арықтау келген. 19 мамырда сағат 14.45-те үйден шығып кеткен. Серуендеп қайтамын деп айтып кеткен, сол күйі оралмаған.

Қара джинс киген, капюшіні бар көк түсті жемпір, қара түсті кроссовка мен қара түсті рюкзакпен кеткен. Сондай-ақ, қара түсті маска таққаны айтылады.

Қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды:

+77771132266 Егізбаева Жақсыбике - анасы +77051036210 Егізбаев Болат - әкесі +77019112091 Егізбаева Әсел - әпкесі +77088101402 Егізбаев Қайсар - ағасы +77017419601 Амзеева Жанар - туысы

Дереккөз: Tengrinews.kz 

21 мамыр 2020, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.