Бейсенбіде Қазақстанның барлық аумағында дерлік ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Дабылды ескертулер
21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында аздап жауын жауады, күндіз нөсерлетеді. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады.
Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бейсенбіде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысында күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, найзағай ойнаған кезде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыс желі – 15-20 м/с.
Өңірлердегі ауа райы
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні – 23 м/с.
Қостанай, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды, Атырау, күндіз Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде – шаңды дауыл.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан қаласында 21 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан күндіз 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз 16-18 градус, түнде 9-11 градус болады.
Алматыда күн ала бұлтты, күндіз – 21-23 градус, түнде – 11-13.
Шымкентте жауын-шашын болмайды, ауа температурасы күндіз 27-29 градусқа дейін ысиды, түнде 12-14 градус болады.
Дереккөз: sputniknews.kz