Атырау, 14 қаңтар 14:34
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Нұр-Сұлтанда дүкен сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр

3 138 рет қаралды

Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатыр. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен бірнеше күнде 358 нысан тексерілді, оның ішінде 85 нысанның талаптарды орындамағаны анықталды. Бұл талаптар азық-түлік және азық-түлік сатпайтын басқа да дүйендерде сақталмай отыр. Сатушылар маскасыз, қолғапсыз, қорғаныш құралдарынсыз, антисептиксіз жұмыс істеп жатыр, нан өнімдерін сақтау шаралары орындалмаған. Стоматологиялық нысандарда, сұлулық салондарында (...). Нұр-Сұлтанда күнде дерлік түрлі дүкен сатушыларының арасынан коронавирус жұқтырғандар анықталып жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Қазір Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 6969 жағдай тіркелді. 3649 науқас жазылды, 35 адам қайтыс болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

20 мамыр 2020, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.