Атырау, 7 қараша 01:55
 дождьВ Атырау +5.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды

3 881 рет қаралды

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Жамаубаевтың кандидатурасы келісілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

"Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қаржы министрі болған Әлихан Смайылов ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Дереккөз:  Tengrinews.kz  

18 мамыр 2020, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.