Атырау, 19 сәуір 21:25
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Министрлік қалалар неге ашылмай жатқанын түсіндірді

3 259 просмотра

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан қалалары арасында қатынауға неге тыйым салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда қалалар арасында әлі де блокбекеттер тұр, сондықтан облыстар мен өңірлер арасында қозғалуға тыйым салынған. Әзірге блокбекеттерді алмаймыз, себебі аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Шымкентте және Атырау облысында карантин шараларын жеңілдету және блокбекеттерді алып тастау салдары өсімге әкелуі мүмкін", - деді ол.

Сондай-ақ, ол қалалар арасындағы авиарейстердің саны неге артқанын түсіндірді.

"Әуе сапары қысқа уақыт алады. Қауіп көп емес. Ал бір өңірден халықтың жаппай қозғалуы қауіпті. Дегенмен ұшақты көп адам қолданбайды", - деді Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, қалаларды ашу мәселесі әлі талқыланбайды.

"Сол адамдар өңірлер арасында көлікпен қозғала бастайды, бірақ жүргізушінің қай жерде, кіммен байланысқанын ешкім білмейді ғой", - деп толықтырды Сұлтанғазиев.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған 6440 адам тіркелген, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам қайтыс болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

18 мамыр 2020, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.