Атырау, 26 сәуір 15:02
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстанда 8 және одан көп баласы бар қанша отбасы тұрады

3 348 просмотра

Қазақстанда екі жарым мыңнан астам отбасы сегіз және одан көп бала тәрбиелеп отыр. Оларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

8 және одан көп балаға арналған жәрдемақы

Сегіз баласы бар отбасылар – 88 896 теңге, тоғызы баласы барлар – 100 008 теңге, он бала үшін – 111 120 теңге, 11 баласы бар жанұялар – 122 232 теңге, 12 баласы барлар – 133 344 теңге, 13 бала үшін – 144 456 теңге, 14 бала тәрбиелеп отырғандар – 155 568 теңге, 15 баласы барлар – 166 680 тңге, 16 бала үшін 177 792 теңге жәрдемақы алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда сегіз және одан көп баласы бар 2 451 отбасы тұрады. Осылайша министрлік қосымша 3 710 баланы қамтиды.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы

Осы жылдың қаңтары мен сәуір айы аралығында 385 мың отбасына жалпы сомасы 73,5 миллиард теңге жәрдемақы төленген.

Сәуір айында бұл төлемді 396,5 мың отбасы алды. Бұл мақсатқа 19 миллиард теңге жұмсалды.

Мұндай жәрдемақы табысына қарамастан төрт және одан көп баласы бар отбасыларға беріледі.

Жәрдемақы мөлшері бала санына қарай белгіленген – 44 532 теңгеден (төрт бала үшін) 77 951 теңгеге дейін (жеті және одан көп бала үшін).

Биыл республикалық бюджеттен көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына 177 миллиард теңге қарастырылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 мамыр 2020, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.