Атырау, 26 сәуір 18:01
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қарағанды облысындағы елді мекен карантинге жабылады

3 221 просмотра

Қарағанды облысындағы Ботақара елді мекенінде 18 мамырдан бастап карантин күшейтіледі. Тұрғындар уақытша көлікпен жүре алмайды. Автобустар да тоқтатылады. 

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Асқаров хабарлады.

"20 наурыз - 17 мамыр аралығында 245 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 146-сы жазылып шықты. Республикалық көрсеткіш бойынша өсім - 33,1. Күн сайын облыс бойынша өсім  – 5,4%, Бұқар жырау ауданында – 66%", - деді ол жергілікті Saryarqa телеарнасындағы тікелей эфир барысында.

Ботақара ауылында 10 адам COVID-19 жұқтырды, 205 адам науқастармен байланыста болған.

"Қазақмыс – Нұрқазған" корпорациясы" АҚ -ның бірнеше қызметкері вирус жұқтырған. 17 мамырдағы мәліметке сәйкес, кәсіпорында 15 адамда вирус расталды. Алғашқы жағдай 6 мамырда тіркелген", - деді Асқаров.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің айтуынша, Теміртауда өсім 2%. Қалада әзірге балық аулауға баруға рұқсат жоқ. Азық-түлік тауарларын сататын дүкендерден басқалары жабық. Спорт нысандары да әлі ашылған жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

17 мамыр 2020, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.