Атырау, 16 сәуір 14:02
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Бас мүфти мешіттерде 15 минуттан артық болмауға шақырды

2 924 просмотра

Қазақстанда 18 наурыздан бастап мешіттердің есіктері ашылады. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы карантин режимінің талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларына аса мән беру керектігін баса айтты.

Осы ретте мешітке келушілерді мынадай талаптарды орындауға шақырды: 

–  мешітке медициналық маска және қолғап киіп келу; 

–  антисептікті жиі қолдану;

– жеке құлшылық жасау кезінде 1 жарым метр арақашықтық сақтау; 

– Құран оқитын бөлмеге 1 жарым метр арақашықтық сақтап отырып, 10 адамнан артық кірмеу; 

– Неке қидыратын бөлмеге 4 адамнан артық кірмеу. 

«Мешіт имамдарының кеңесіне құлақ асып, мешітке лек-легімен кезекпен кіруге, мешітте 15 минуттан артық болмауға үндеймін. Бұл мешіт ауасын әр 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруға мүмкіндік береді», - деді бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы. 

Сонымен қатар мешіттер 18 мамырда ашылғанымен, карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын бес уақыт, жұма, тарауық намаздарына қатысты қойылған уақытша шектеулер өз күшінде қалады.

Дереккөз: 24.kz

15 мамыр 2020, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.