AZATTYQ.ORG. «Коронавирус ушыққан тұста Назарбаев пен Қауіпсіздік кеңесі қайда кетті?» - Коронавирус індеті тарағалы бері Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мен экономикасы дағдарысқа тап болды. Соған қарамастан, елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ол басқаратын Қауіпсіздік кеңесі ел алдына шықпай кетті.
«Құқық қорғаушылар: Билік карантинді пайдаланып, белсенділерді қудалауды күшейтті» - Билікті ашық сынап, талап айтып жүрген бірнеше азаматтық белсенді өткен аптаның соңында "Төтенше жағдай режимін бұзды" не "Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген айыппен істі болды. Құқық қорғаушылар "билік төтенше жағдай режимін пайдаланып, өзін сынайтындарды жазалауды күшейтті" деп санайды.
"Мұраға қалған цензураны жоятын кез келді". RSF есебіндегі Қазақстан» - "Шекарасыз тілшілер" (RSF – Reporters without border) халықаралық журналистер құқығын қорғау ұйымы 21 сәуірде Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі индексін жариялады. Ұйым есебінде Қазақстан "баспасөз еркіндігі қиын жағдайдағы" елдердің қатарына енген.
SPUTNIKNEWS.KZ. «"Бұл қорлау емес": Бекболат Тілеухан мәжілістегі әріптестерінің қылығына күйініп кетті» - Мәжілісмен депутаттық сауал табан астында айтыла салатын дүние емес екенін, оған үлкен дайындық пен терең зерттеу жасалатынын атап өтті.
STAN.KZ. «Мейрамбек Бесбаев: Киноға бірге түскен қызды іздеп әрең таптым, сөйтсем ол Ақан Сатаевтың жары екен» - Мейрамбек Бесбаев балалық шағынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жаңалықтарын бөлісті. "Бозторғай" әнін шырқап жүрген бала Мейрамбек Алтынбек Қоразбаевпен қалай танысты? Киноға қалай түсті? Музарт қалай құрылды? Сұхбат осы жайында болды.
"Ол менің шәкіртім": Мөлдір Мұқанова Ақтөбеде 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісіне араша сұрайды» - Ақтөбеде "Ақбөбек-Восток" балалар лагерінде тәрбиеші болып қызмет еткен Әліби Өтепберген 10 жылға сотталған еді. Ол лагерь тәрбиеленушілерін қорлаған деп айыпталды. Алайда оған араша түскендер көп. Солардың ішінде өнер жұлдыздары бар. Мөлдір Мұқанова соттаушының өз шәкірті екенін айтып, жәбірленушілерден кешірім сұрады.
"Қазақтар мен үшін әлі де мал өсіретін, ішімдікке әуес халық ретінде елестейтін": Ресейлік қазақ Отанға оралуы жайлы» - Ресейде туып-өскен жерлесіміз Айвар Азаматов - YouTube платформасында AIVAR атауымен каналы бар танымал блогер. Қазақстанға біржолата көшкен ол Отанға оралудағы мақсаты жөнінде Stan.kz тілшісіне сұхбат берді. Блогер Алматыға көшкенде бетпе-бет келген қиындықтары мен қалада өзін таңғалдырған тұстарды айтып, Ресейдегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрін алматылықтармен салыстырды.
QAZAQADEBIETI.KZ. «Новалистің «Генрих Фон Офтердинген» туындысындағы миф пен ертегі» -Әлем өркениеті мен мәдениетінің синтезі және жеті қазынасының бірі саналатын Италияда «Қайта өрлеу» кезеңі XIV-XV ғасырда қалыптасып, жаһандық мәдениетке тарады. «Қайта өрлеу» мәдениеті ғылым мен өнерге, білім мен әдебиетке ықпалын тигізіп қана қоймай, жаңа ағартушылық бағыттар мен әдеби ағымдар негізін құрды.
ZAKON.KZ. «Мұнайға тәуелді Қазақстан экономикасының қанша өмірі қалды» - Қазақстан экономикасы мұнайдың ағымдағы бағасын сақтай отырып, жылына 2,3%-дан 2,7%-ға дейін жоғалтады. Бірақ бұл жағдайда да, Қазақстанның жинақталған халықаралық резервтері ұлттық экономиканы 15 жыл бойы қолдауға мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстанның қазіргі дағдарыстан шығыны аз шығуы үшін үлкен әлеуеті бар.
«Омарташылар миллиондаған шығынға батуы мүмкін» - Көктемнен қоңыр күзге дейін бал арасын баптаумен айналысып жүрген кәсіп иелері осы күні табиғат аясына шыға алмай жүр. Олар қолдарында тиісті құжаттары бола тұра, арнайы қойылған блокпостан өте алмай жатырмыз дейді. Соның кесірінен омарташылар миллиондаған шығынға батуы мүмкін.
NEGE.KZ. «"Удаленкада" отырғандар неге кеңсені сағына бастады?» - Карантин кезінде үйінен жұмыс істеп отырған қызметкерлердің 63,6 пайызы қайтадан кеңсеге оралғысы келеді. Сәйкесінше, қалған 36,4 пайызы жұмысын үйден жалғастыра беруге кет әрі емес. Сонымен бірге, сауалға қатысқандардың 51,5 пайызы үйде отырып жұмыс істеу өздерінің еңбек өнімділігін төмендеткен жоқ деп санайды. Жалпы респонденттердің 73,1 пайызы кеңседе бар жұмысқа қажет құралдардың үйде жоқтығымен келіседі.
«Кредит алып, төлемеу үшін не істеу керек?» - Қазір ешкімге оңай емес. Коронавирус пандемиясына байланысты халық зардап шегуде. Бәріміз шығындарды азайтудың жолдары мен мүмкіндіктерін мұқият зерделей бастадық. Көптеген отбасыларға несие, ипотека, автокөлік немесе кепілсіз несие сияқты ай сайынғы төлемдерді төлеу қиын болып отыр деп жазады.