Атырау, 22 қараша 15:52
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Ауру жұқтырған 20-шы науқас қарым-қатынас жасағандардың қатарында болған

4 131 просмотра


"Қауіпті дертті жұқтырған жиырмасыншы науқас Атырау қаласының 37 жастағы тұрғыны" деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жолдаған ақпаратқа сәйкес, 1983 жылы туған науқас бұған дейін бірнеше адамға вирус таратқан әйел адаммен қарым-қатынас жасағандардың тізімінде болған. 

Бұған дейін қауіпті дертке шалдыққан Орал қаласы тұрғынының 37 адаммен жақын байланыста болғаны анықталған еді.

Қазіргі таңда 37 жастағы атыраулық науқас толықтай оқшауланып, инфекциялық карантинге жатқызылды.

Айта кетелік, бүгінде Covid-19 қауіпті вирустық дертіне Атырау облысы бойынша жиырмасыншы адамның шалдыққаны анықталып отыр.


3 сәуір 2020, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.