Атырау, 24 сәуір 14:16
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Тоқаев бүгін телеарналар арқылы мәлімдеме жасайды

3 914 просмотра


 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасайды.

"Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елде шағын және орта бизнес өкілдерінен түсіп жатқан көптеген өтініштерге байланысты елде әлеуметтік-экономикалық қолдау шараларының жаңа түрі әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.

Қазақстандағы төтенше жағдай

Мемлекет басшысының жарлығымен 16 наурыз - 15 сәуір аралығында елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

19 наурыздан бастап Алматы және астанада карантин жарияланды. 28 наурызда карантин күшейтілді. Енді тұрғындар тек азық-түлік дүкеніне, дәріханаға және жұмысқа ғана бара алады. 

Дереккөз: sputniknews.kz 

31 наурыз 2020, 19:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.