Атырау, 23 сәуір 23:31
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Әлемнің үздік университеттеріне тегін жолдама алды

3 170 просмотра


Нұр-сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалавриат мектебінің 12 сынып оқушысы Аделина Елемесова АҚШ-тың беделді 8 жоғары оқу орнының қауымдастығына кіретін екі бірдей университке оқуға түсті.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аделина оқу орындарына ұсынылған құжаттар негізінде Плющ Лигасының Колумбия және Корнелл сияқты әйгілі университеттеріне ресми қабылданған.

Сонымен қатар, талапты жас Американың Northwestern University және Amherst College білім беру мекемесіне де шақырту алған. Сингапурдың YaleNUS, Қытайдың Duke Kunshan University университеттері де қазақстандық түлектің қабілетіне қызығушылық білдіріп отыр.

Еріктілер қозғалысының және TED’x жобалардың белсенді қатысушысы, теннистен қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы Аделина қай университетті таңдайтынын әзірге ойластырып жүр. Бойжеткен өз мамандығын нанотехнологиялар және жасанды интеллектпен байланыстыратынын айтады. 

31 наурыз 2020, 18:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.