Атырау, 8 қараша 22:15
 дождьВ Атырау +4.5
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Қазақстан Бразилиямен адамдарды және сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялады

3 925 рет қаралды


Қазақстан Бразилия Федеративтік Республикасымен адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталмыш заңдардың мәтіне баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: inform.kz

31 наурыз 2020, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.