Атырау, 24 сәуір 16:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16

Бейсенбі күні республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

3 761 рет қаралды


Бейсенбі, 2 сәуірде республикалық ата-аналар жиналысы өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бейсенбі күні республика бойынша ата-аналар жиналысы өтеді. Онда біз ата-аналарға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз", - деді Аймағамбетов онлайн брифингте.

3 сәуір, жұма күні елімізде сынып сағаттары өтеді. Ол жерде де балаларға қажетті ақпарат беріледі.

Ал ертең, 1 сәуірде бүкіл оқушы үшін сынама сабақ өткізіледі.

Министрдің айтуынша, бұл үш шараның мақсаты – 6 сәуірде басталатын қашықтан оқыту форматына дайындық.

Дереккөз:  Sputnik Қазақстан

31 наурыз 2020, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.