Атырау, 29 наурыз 19:59
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққан 6 адам ауыр хәлде жатыр

3 067 просмотра


Астанада коронавирус жұқтырған алты пациенттің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда алты адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Екі адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, ем алып жатыр. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық", – деді Қисықова онлайн брифингте.

Бұған дейін ол Қазақстанда екінші адам коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді. 50 жастағы пациент бір ай бойы ауырса да, дәрігерлерге қаралмаған. 21 наурызда жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 31 наурызда дерттің салдарынан қайтыс болды.

31 наурыздағы мәлімет бойынша елорда ауруханаларында 1 693 адам жатыр. Оның 96-сы он сегізге дейінгі балалар.

Бүгінгі таңда астанада коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

31 наурыз 2020, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.