Атырау, 26 қараша 02:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екінші деңгейдегі үйлер әлі сұраныста

3 586 просмотра

Дағдарысқа қарамастан жылжымайтын мүлік бағасы күткеніміздей құлдырай қойған жоқ. Тек шамалы ғана төмендеді де, тоқтап қалды. Сұраныстың жалпы азаюына қарамастан пәтерлер төмен бағаға кете қойған жоқ, дегенмен, дағдарысқа дейінгі «қомақты» бағалар да жоқтың қасы. Сатушылар көбінесе өз хабарландыруларында ұсыну (кейін бір-екі мың теңгесін түсетін) бағасын емес, нақты бағасын, яғни, келісімнің іс жүзіндегі құнын көрсетіп жазады. Дағдарыс тұсындағы тағы бір басты деталь-сатып алушы пәтермен бірге (фурнитура мен техникаларын қоса) сол ақшаға барлық жиһазымен бірге (шырағданға дейін) сатып алуға тырысады.  Дегенмен, дағдарыстың аты дағдарыс қой.

2007-2008 жылдардағы шарықтау кезеңімен салыстырғанда дағдарыс кезіндегі сату көлемі төмендеп кетті. Қалай-солай сатып алу, дау туғызатындай сұраныс болған жоқ. Дағдарыс нарығында тұралау орын алды.

«Сол уақыттан бері көптеген риэлторлық компаниялар жабылып қалды,-дейді жергілікті жылжымайтын мүліктер агенттігі бірінің қызметкері. – Иә қазір өте жұтаң нарық. Әсіресе, бастапқы жарғыға ұсыныстар аз, жаңа үйлерді тіпті, саусақпен санауға болады».

Мұндағы қозғалыс 2010 жылдың жазы мен күзінде ғана байқалды. Оның өзі өз қызметкерлеріне пәтер алуға пайызсыз несие берген «Аджип» және «ТШО» компанияларының есебінен болды. Дәл осы кезде ғана дағдарыстан кейінгі сұраныс барынша күшейгендей болды. Монолитті үйлердегі пәтерлер кең сұранысқа ие болды. Сол кезде жалпы алаңы 42-ден 54 шаршы метр болатын жөндеуі жақсы (кейде жиһазымен) 1 бөлмелі пәтерді 60-70 мың долларға сатып алуға болатын еді.

«Атырау облысы жылжымайтын мүлік орталығы» РКМК-ның бағалау бөлімінің мәліметтері бойынша 2009 және 2010 жылдары орташа шаршы метр бағасында елеулі  айырмашылық болған жоқ: 100 және 105 мың теңгеге тиісінше болды.  Алайда, бұл тек орташа арифметикалық шама ғана. Аудандары мен үй типтеріне қатысты ауытқулар көп болатын. Ең жоғарғы бағалар 1,4 коэффициентті аудандарда. 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Ақ үй, Сәтбаев, Тайманов және Азаттық даңғылы мен Жилгородоктың жағалау бөліктеріндегі  үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы 127 мың теңге болса, екінші жарты жылдықта ол 147 мыңға дейін көтерілді.

«Біздің мәліметтеріміз бойынша, 2009-2010 жылдары 0,5, 0,8 коэффициентті аудандарда келісімдер тіптен болған жоқ,-дейді облыстық жылжымайтын мүлік орталығының бағалар бөлімінің бастығы Юлия ДЮ. – Үздіксіз сату 0,9 коэфициентті аудандарда басталады».

Егер 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 0,9 коэффициентті аудандарда орташа шаршы құны 105 мың теңге болса, екінші жарты жылдықта ол 69 мыңға дейін төмендеп кетті. Бағаның мұндай күрт төмендеуін бағалау бөліміндегілер сол кезеңде ескі үйлердегі пәтерлердің сатылуымен түсіндіреді.

Сол аудандарда 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында шаршының орташа құны 99 мың теңгеге дейін өскен, ал, екініші жарты жылдықта-116 мыңға дейін көтерілген.

1,2 коэффициентті аудандар үшін 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында бір шаршының орташа бағасы 120 мың теңге болса, екінші жарты жылдықта-108 мың теңге болды. 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында-113 мың теңге, ал, екінші жартысында-108 мың теңге болды.

Барынша қарқынды сату 1,3 коэффициентті аудандарда байқалады. Мұндағы бір шаршының орташа құны 2009 жылы 130 мың теңгеден (бірінші жартысы) 126 мың теңгеге (екінші жартысы) дейін ауытқып тұрды. 2010 жылы 115 мың теңгеден (бірінші жартысында) 151 мың теңгеде дейін (екінші жартысы) барды.

Жылжымайтын мүлік нарығында қазір не болып жатыр? Бұл сауалға жауап берген мамандар біраз қозғалыстың барын атап отыр. «Қазір сату көлемі артып келеді,-дейді Ю.Дю. –Бағаларын айтар болсақ, әдетте, халық: О, бағалар төмендепті!» деп айтады. Алайда біз мұны көріп отырғанымыз жоқ. Керісінше, өсіп барады. Адамдар хабарландыруларға қарайды, онда көптеген сатушылар үстемесіз бағаларын көрсетеді. Ал, мұны көпшілік пәтер бағасының төмендеуі ретінде қабылдайды. Іс жүзінде баға төмендеген жоқ, қайта жоғарыға өрлеп барады. Сату деңгейі тұрақты, банк несиелері ішінара қайта қалпына келтірілді, сұраныс өсіп келеді. Шындығында, дағдарысқа дейінгі деңгеймен салыстыруға келмейді. Егер 2007-2008  жылдары біз 1800 келісімдерді талдаған болсақ, қазір тек жалпы саны 700-800 ғана келісімдерді қараймыз».

Егер соңғы хабарландыруларды қарайтын болсақ, онда панельді үйдегі шаршы метр  $900-1100 (Авангард-4 м/а, Орталық, Азаттық, Махамбет), Пивокзальный мен Әуезов көшесіндегі (Жилгородок) ескі үйлер $600-800  аралығында өзгеріп отырады. Айта кету керек, мұндай бағалар екінші деңгейлі үйлерде осыдан бес-алты жыл шамасында болған еді. 2006 жылы қаңтарда орталықтағы (Сауда үйінен «Ақ жайық» қонақ үйіне дейін) тас үйлердегі екі бөлмелі пәтер $700 дейін, Сәтбаевтағы үйлер-$860, ал, Орталық мөлтек аудандағы үйлер (панельді)- $900 дейін жетті. Алайда, осындай айырмашылықпен сол кезде бағалар күрт өсті, ал, сұраныс жаңа-жаңа көбейе бастады. Салыстыра кетелік, 2005 жылы облыстың жылжымайтын мүлік орталығында шамамен 3 мыңдай келісім-шарттар тіркелді.

Қоныс тойларын күтпестен көптеген үлескерлер салынып бітпеген 9 қабатты үйдегі пәтерлерін шаршы метрін $1000-1100 жаппай сатуда.  Дәл сол үйдің жанындағы үйдегі (адамдар қоныстанып, тұрып жатқан) шаршы метр бағасы-200 мың теңгеге жетеді. 

Статистика департаментінде де жыл басынан бері жылжымайтын мүлік нарығында бағалар жоғарыға өрлеп бара жатқандығын атап өтті. Әдетте, бұл өсу алғашқы нарық деңгейі бойынша қарқындап келеді. Алайда, жоғарыда аталып өткендей, бізде жаңа үйлер өте аз. Сондықтан да сұраныс монолитті көп қабатты екінші деңгейлі үйлерге басым. Дағдарысқа келер болсақ, ол тек бар болғаны бағаны нақты бағаға жақындатып, түзеткен болды. Олар осындай шағын ауытқуларымен әлі де ұзақ уақыт осылайша қала бермек. Дағдарыстың шарықтау шегіндегідей құйтырқы бағалар енді бәлкім болмауы да мүмкін.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.