Атырау, 5 қараша 05:30
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Картоп партиясы «аңызға» айналды

3 252 просмотра

Азық-түлік бағасы тағы да өсіп жатыр. Ет келісінің бағасы 1500 теңгеге көтеріліп барады. Қант пен көкөніс те барған сайын шарықтауда. Сайлау өтер күн де алыс емес, ал, билік азық-түлік дағдарысынан шығар жолды жанұшыра іздестіруде.

Облыстық әкімдікте дүйсенбі күнгі өткен мәжілісте облыс әкімінің ауылшаруашылық жөніндегі орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВ орын алып отырған жағдайға тоқталды. Оның айтуынша, ол өзі Атырау мен Құлсарыдағы барлық сауда нүктелері мен қоймаларын аралап шыққан. Кейін ол қалай болғанда да қандай ма бір шара алу керек деген қорытындыға келді. Негізгі шаралар ретінде ол азық-түлікті жеке тізбелер бойынша әкелуді және оны халыққа сатып алынған бағасымен сату жөніндегі ұсынысын берді. Атырау үшін негізгі азық-түліктердің айлық қоры бюджетке  307 млн теңгеге шығады. С.Айдарбековтың айтуынша, бұл бір траншпен бөлінеді. Одан әрі азық-түліктер алғашқы салынған сомалардың айналымы есебінен сатып алынатын болады. Жобаның операторы «Атырау» ӘКК өзінің еншілес кәсіпорыны «АтырауАгроСервис» ЖШС болады. Сату 10-15 сауда нүктелері арқылы  ( «Лидер» және «Атаба») жүзеге асады. Алдымен әкім орынбасары арзан азық-түліктің базарларда сатылмайтындығын айтты. Өйткені, оны бақылаумен қамтамасыз ету қиынға соғады. Алайда, халықтың 70 пайызы азық-түлікті базарлардан алады деген облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ мәлімдемесінен кейін жобаның бұл тармағын қайта қарауға уәде етті. Етке қатысты жағдайды да әкімдік орталықтандырылған сатып алу арқылы шешуді көздеп отыр. Мұнымен де «Атырау» ӘКК-сы «Асыл Агро» ЖШС-мен бірге айналысатын болады. Ол үшін шамамен 100 млн. теңге қажет болады. Етті  Батыс Қазақстан облысынан әкелуді және оны келісін 900 теңгеден сатуды жоспарлап отыр. Бағаны ұстау үшін малды сою тегін жүргізілетін болады. Ұзақ мерзімді шаралар ішінен азық-түліктердің айлық қорына тұрақтылықты құру және үкімет ұсынған шектеулі көтерме бағаны енгізу  мәселелері аталды. С.Айдарбеков сондай-ақ, ірі кәсіпорындар жанынан қосалқы шаруашылықтарды құру тәжірибесін жандандыру жөніндегі ұсынысын да білдірді.

Картопқа қатысты әңгіме бөлек. Қазір «екінші нанды» «Жайық-Агро» КМК әлеуметтік баға бойынша 100 теңгеден сатып жатыр. Алайда, «арзан» картоптың сапасына деген шағымдар сатып алушылардан да, оны сатушылардан  да түсіп жатыр. Таяуда болған мәжілістердің бірінде «Жайық-Агро» өкілі, «УС-99» ЖШС-нің бас директоры Аркадий КИМ  125 млн теңгеге және оған қосымша тағы да 1000 тонна картопты өз қаржыларына Қарағанды сатушыларынан сатып алынғандығын мәлімдеді. Алайда, ауа-райының қолайсыздығынан жаңа партияны жеткізуде қиындықтар туындады. Бүгінгі болған жиналыста КМК директоры Вадим ПАКТАН «жаңа партияның» болмайтындығын білдік. Оның айтуынша, КМК қарағандылық жеткізіп берушілермен келісімге келген кезде картоптың қымбатсып кеткен және оны олар жаңа бағамен басқа клиенттерге сатып жіберген екен. Естеріңізде болса,  «Жайық Агро» өкілдерінің бұған дейін жаңа партия үшін төлем жасалғандығына сендірмеп пе еді. Алайда, келісімді бұзған серіктестерін «Жайық Агро» жазалауды ойлап та отырған жоқ.

Б.Рысқалиевтің пікірінше, КМК басшылары бұл жағдайдан өз қаржыларын салу арқылы құтылмақшы болған. Көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы кезеңінде облыстық бюджеттен 380 млн теңге бөлінген болатын. Кәсіпкерлер келісім бойынша бұл соманы көкөніс қоймаларынан көкөністі жеткізу арқылы қайтаруға тиісті болатын. Бірақ, Рысқалиевтің айтуынша, кәсіпкерлер бұл жағдайда өз қаржыларын салмай, бюджет қаржысына жұмыс істеуді көздеп отыр.

Жиналыстан кейін мен КМК директорынан оның атына айтылған, атап айтқанда, салынған қаржыларға қатысты түсінік беруін өтінген едім:

- Цифрларға жүгінбей-ақ қоялық. Бізді бәрінен бұрын базарлардағы алыпсатарлық алаңдатады. Біздің қоймаларымыздан картопты 90 теңгеден алады, ал, оны базарларда 150 теңгеге сатады,-деп мәлімдеді директор.   

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

23 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.