Атырау, 26 сәуір 12:40
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Bek Air ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді

3 073 просмотра


Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесі Решет Қалибекті сотқа берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. 

Решет Қалибектің айтуынша, сотқа шақырту қағазы оған бір апта бұрын келген.

"Жақында Bek Air маған сотқа бергені туралы қағаз келді. Енді ойлап отырғаным, неге жерге рұқсат берген әрі сол жерге үй салуға рұқсат берген әкімдіктің үстінен емес, менің үстімнен арызданады? Енді мені кінәлі қылғысы келеді. 21 ақпанға сотқа шақыртып отыр. Мен бастапқыда Bek Air компаниясының үстінен арызданғанмын. Ал енді олар менің үстімнен арызданып отыр", - деп хабарлады Решет Қалибек.

Bek Air ұшағы былтыр 27 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған. Лайнер Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан бетте құлдилап, әуежай қоршауынан асып, үйге соғылған болатын. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 ақпан 2020, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.