Атырау, 23 сәуір 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қордайдағы қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жазаланады - Президент

2 207 просмотра


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап. 

«Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетсек, 7 ақпанда Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болған. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты пікір білдірді. «Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. Ал сенбі, 8 ақпанда Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қордай ауданындағы жанжалға қатысты ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізді. «8 адам көз жұмды. 40-тан астам адам жарақат алды», - деді Ішкі істер министрі.


Дереккөз: Inform.kz

9 ақпан 2020, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.