Атырау, 29 наурыз 17:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қытайдан келгендердің көбінен тұмауға жататын аурулар анықталды – Біртанов

2 145 просмотра


Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық экспертиза орталығының вирусология зертханасына барып, вирусты инфекцияларды зерттеу барысымен танысты. Бұл туралы министр facebook желісінде жазды.

«Арнайы барып, жаңа пайда болған коронавирус инфекциясы қалай анықталатынын біліп қайттым. Вирусты инфекцияларды диагностикалау тәсілі арқылы өте қауіпті штамдар, соның ішінде жаңадан шыққан коронавирус 2019-nCoV инфекциясы анықталады. Бүгінге дейін коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен 180 адам тексерілді. Зерттеу көрсетіп отырғандай, науқастардың көбінен тұмау және тұмауға жататын аурулар анықталды», - деп жазған министр әлеуметтіке желісіндегі парақшасына.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханада жаңа коронавирус инфекциясын анықтаудың тәсілі бір ізге салынан. Орталық тиісті диагнотикалық тест-жүйесімен де қамтылғаны айтылып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртанов апта басында қауіпті коронавирус тарағалы бері Қытайдан Қазақстанға келген адамдардың саны 30 мыңға жуықтайтынын айтқан. Оның 29 мыңы қазақстандықтар. Соңғы екі аптада Қазақстанға келген 10 мың адам министрліктің бақылауында екені анықталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Қытайдың Ухан қаласында оқитын 79 қазақ студентін елге эвакуациялаған болатын. Олар қазір қала сыртындағы аурухананың инфекциялық блогында карантинде жатыр.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

6 ақпан 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.