Атырау, 19 сәуір 04:30
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қорғаныс министрлігі генерал Көпбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

2 947 просмотра


Қорғаныс министрлігі генерал Қайрат Көпбаевтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі меморандум аясында генерал-майор, Қорғаныс министрлігі кадр департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Қайрат Көпбаевтың ұсталғанын және сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын растаймыз. Генерал-майор Көпбаевқа қатысты екі ай мерзімге үй қамауында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді әскери полиция бас басқармасы басшысының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

"Осында мына нәрсені айта кетейін, БАҚ-та генерал-майор Көпбаев Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментін басқаратыны айтылған, бұл ақпарат дұрыс емес, өйткені лауазымдар мен әскери атақтар тізіміне сәйкес оның лауазымы Қорғаныс министрлігінің кадр департаменті деп аталады, ал бізде әскери біліммен басқа бөлімше айналысады", - деді ол. 

Осыған дейін Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаевтың екі айға үй қамауына алынғаны хабарланған. Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz 

5 ақпан 2020, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.