Атырау, 26 сәуір 18:53
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өртенген мұнай резервуарының экологияға тигізген залалы үшін айыппұл салынды

2 054 просмотра


Жаңажол кен орнындағы мұнай қалдығына арналған резервуар өртеніп, экологтар жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде резервуар өртенді . Оқиға 8 қаңтар күні сағат 18:20-да тіркелген. Өрт арада 4 сағат өткенде сөндірілді. Осы оқиғадан кейін Ақтөбе облыстық экология департаменті топырақ пен ағынды судың сынамасын алды. «Қоршаған ортаны, топырақты мұнай өнімдерімен ластанғаны үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегiсанитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу», «Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау», «Жердi бүлдiру» баптары бойынша 1,7 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар қоршаған ортаға экономикалық шығын келтіргені үшін 1,4 миллион теңге төлеу туралы ұйғарым берілді. Екеуі де толық өндірілді», - деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.


Дереккөз: Inform.kz

5 ақпан 2020, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.