Атырау, 24 желтоқсан 08:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

8 қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған

2 123 рет қаралды


Сегіз қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухан қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен біздің тағы 8 азаматымыз қауіпсіз жерге көшірілді. Біздің бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзы Университетінің 1 курс студенті бар.

Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өтіп, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ.

3 ақпанда Қазақстан Ухан қаласынан өзінің 83 азаматын, соның ішінде 80 студентін эвауациялағанын еске саламыз.

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 ақпан 2020, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.