Атыраудағы татар-башқұрт «Татулық» орталығының ансамблі мен оның жеке орындаушысы Зарина БАЙКЕНОВА Семейде өткен «Көзге Иртыш моңнары» татар өнерінің XIII халықаралық фестиваль байқауының жеңімпаздары атанды.
Қазақстанда татар мәдение-тінің алғашқы мерекесі Семей қаласында 1990 жылы өтті. Мерекеге аймақтардан, алыс-жақын шетелдерден қонақтар шақырылды. Бұл шара көңілден шығып, барлық сенімді ақтады. Ол кезде фестивальдің атауы болмаған, бірақ, «Иртыш моңнары» деп аталатын жоба жүзеге асырылды. Татарстаннан, Ресейдің аймақтарынан және басқа да бірқатар Азия елдерінен келген отандастардың жүздесуіне, өзіндік төл мәдениеттеріне үңілуге мүмкіндік туды. Бүгінгі күні «Иртыш моңнары» өз таланттарын ортаға салып, халық әуенін біріктіретін фестивальге айналды.
Кеңестік дәуір тұсында халықаралық татар фестивальдарының саны бар-жоғы екеу болды: біреуі – Киевте «Киев сандуғашы» және Семейде. 2000 жылдан бастап «Иртыш моңнары» фестивалі жыл сайын өткізілетін болды, бұл уақыт ішінде қатысушылардың және қонақтардың жалпы саны 10 мыңға артты. Қатысушылар төрт номинация бойынша (вокал, аспаптар жанры, көркемсөз, хореография) жас ерекшеліктеріне қарай 3 жастан 83-жасқа дейінгі (фестиваль тарихында ең қарт қатысушы ретінде Дағыстанның өкілі тіркелді) алты топ бақтарын сынайды.
- Біз Семей татар қоғамдық орталығынан шақырту алдық, ал, фестивальге Қазақстан халықтары ассамблеясы, Бүкіләлемдік татарлар конгресі және татар өнер мектебі қолдау танытып отыр. Татар өнер мектебінің 20 жылдығына осы ХІІІ халықаралық фестиваль арналды. Біздің «Хореография» номинациясында Красноярск, Ақтөбе, Новосібір және Жамбылдан келген бишілер қатысты,– деп әңгімелейді татар-башқұрт «Татулық» ұлттық мәдениет орталығының жетекшісі Гүлсина БАЙКЕНОВА.– Гран-при екі жылда бір рет беріледі, сондықтан да біздің биылғы жылғы бірінші орнымызды сөзсіз жеңіс деп есептеуге болады. Біздің ансамбль көпшілік назарын өздеріне бишілік шеберліктерімен ғана емес, көпұлтты құрамымен де аудартты. Бұл таза ұлттық байқау үшін таңғажайып болды.
Әділқазылар алқасы Зарина Байкенованы Татарстанда өтетін халықаралық байқауларға қатысуға, сондай-ақ, желтоқсанда Семейдегі балет мектебінде татар-башқұрт билері бойынша шеберлік дәрістерін жүргізуге шақырды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА