Атырау, 27 сәуір 08:23
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​"Олимп" букмекерлік кеңсесінде бәс тігу тоқтатылды

2 515 просмотра


"Олимп" букмекерлік кеңсесі бәс қабылдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Олимп" сайтында жарияланды. 

"2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ қазақстандық лицензиясының тоқтауына байланысты бәс қабылдай алмайды. Осындай шешім қабылданғаны өте өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік кеңсе болдық және алдағы уақытта да солай қалғымыз келеді", - делінген хабарламада.  

Осыған дейін, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, "Олимп" букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуге бастамашы болғаны айтылды. 

2019 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Олимп" БК сауда белгісімен "Only bet" ЖШС және "Alpha bet" ЖШС берілген лицензия қолданысын 6 ай мерзіміне тоқтатты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 қаңтар 2020, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.