Атырау, 25 қараша 10:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зиратқа барар жол таппаған әкім

6 979 просмотра


Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өңірдің педагогикалық қауымдастығы Сенат депутаты Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ, Мәжіліс депутаттары Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ және Бейбіт МАМЫРАЕВПЕН кездесті. Олар «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң нормаларын түсіндіру үшін Атырауға арнайы келіпті. Дегенмен, кездесу барысында басқа да тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, Ізмұхамбетов Атырау облысының әкімі болған кезде өз туысқандарының қабіріне әрең жеткенін есіне түсірді.   

Алдымен Бейбіт Мамыраев ұсынылатын қосымша әлеуметтік кепілдіктер, жүктемені төмендету және мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің есеп беру нысандарын қысқарту сияқты мәселелерді қарастыратын жаңа заң туралы айтып берді. Мысалы, педагогты оның кәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға; ҚР заңнамасында көзделмеген есеп беруді талап етуге; оған тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.

Бейбіт МАМЫРАЕВ

Сондай-ақ заңда көтермелеу шаралары да көзделген. Біліктілігі үшін қосымша ақы барлық педагогтар үшін лауазымдық жалақының 30-50 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленген. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған педагогке үш лауазымдық жалақы мөлшерінде бір жолғы сыйақы төленеді.

Педагогтарға тұрғын үй, оның ішінде қызметтік үй немесе жатақхана алуға, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін иеленуге кепілдік беріледі. Олардың балаларына тұрғылықты жері бойынша балабақшаға орын бірінші кезекте беріледі.

Одан кейін депутаттарға залдан еркін тақырыптарға сұрақтар қойылды.

Университет профессоры Қадыр Жүсіп:

- Жер мәселесі өте өзекті болып тұр. Облыста жайылымдық жерлер жетіспейді. Себебі жеке меншікке берілген барлық жер қоршалған. Латифундистер өте көп, олардың аттарын атағым келмейді, бірақ көпшілігі жоғарғы жақта, билікте отыр.

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ
Бақтықожа Ізмұхамбетов профессордың сөзін қолдап, көптеген билік өкілдері Жайық бойындағы үлкен жер телімдерін өз туысқандарына рәсімдегенін айтты. 

- Иә, Атырауда осындай ұятсыз адамдар бар. Мен өзім осындай істердің куәгері болдым. Бірде туған ауылыма барып, туысқандарымның зираттарына дұға бағыштағым келген. Қарасақ, айнала барлық жер қоршалып тұр. Екі сағат сым қоршаумен арпалысып, жол ашып, әрі қарай әрең өттік. Тағы бір қолында билігі бар адам Талғайраңда үлкен жер телімін алып, кейін 8 сотықтан бөліп сатқанын да білемін... Осы өңірде өзім әкім болған кезде Махамбет ауданындағы бір қожалықтың иесінен неге өте шағын учаскеде егіншілікпен айналысып жүргенін сұрадым. Сонда ол бұл маңда бос жер жоқтығын, ешкім жер бермейтінін айтқан болатын. Мен оған жер тауып беруге уәде етіп, оның шаруашылығына 300 гектар жер бөлінді.  Ал 2015 жылы егінші картоп өсіруден республикалық рекорд жасады. 

Жер мәселесі расымен де өте өзекті мәселе. Ауылдық округтерді аралап шыққаннан кейін облыс басшылығына барлық мәселелер туралы баяндаймыз.

Университеттің тағы бір оқытушысы жолаушылар пойыздарының күйі кеткенін тілге тиек етті:

-Атырау-Алматы және Атырау-Маңғышлақ пойыздарында қарапайым жағдайлар жасалмаған. 40 градустық ыстықта салқындатқыштардың жоқтығы жолаушылардың берекетін қашырады. Вагондар жетіспейді. Бұл мәселе қалай шешіледі?

- Бюджет қаралған кезде ҚТЖ төрағасы Сауат Мыңбаев жаңғыртуға ақша бөлуді сұрады. Біздің бастамамыз бойынша 20 миллиард теңге бөлінді, енді ресейлік вагондар сатып алынады, - деп жауап берді Ғұмар Дүйсембаев. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

7 қаңтар 2020, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.