ABAI.KZ. «Қалдыбай Әбенов: "Аллажарды" көтеруге көмектескен - Иманғали Тасмағамбетов!» - Осы бір қастерлі де қасиетті датаның қарсаңынды Желтоқсан ақиқатын ашып көрсеткен "Аллажар" фильмінің режиссері Қалбыдай Әбенов ағаны сөзге тартып, сұхбат құрған едік...
«Қаһарман қазақ қызы» - Зайсан қаласынан Ақжар ауылына аттанып бара жатқан автобус iшiнде әрi-сәрi күй кешiп, қырық қадам жердi көрiнбес қылған құсқанатының қалқыған қарына көз тiгiп, Сәбира туралы естiген әңгiмелердi еске түсiруге тырыстым.
AZATTYQ.ORG «"Ақын-жазушыдан ешкім шықпады". Желтоқсан ызғарында солған үміт» - 33 жыл бұрын Қазақстанға бейтаныс адамды басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары билікке үнін бейбіт шеру арқылы жеткізуге талпынды. Бірақ олардың үміті ақталмады. Азаттық сол кездегі жұмысшы және студент жастардың алаңға қандай мақсатпен шыққанын, бұл оқиға олардың тағдырына қалай әсер еткенін өздерінен сұрап көрді.
«Тәуелсіздік күні белсенділер ұсталды» - Желтоқсанның 16-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылы Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілін күшпен басып-жаншыған кезде қаза тапқандарды еске алуға жиналғандар билікті тарихтан сабақ алуға шақырып, саяси талаптар көтерді. Алматы мен Нұр-Сұлтанда наразыларды полиция жаппай ұстап, автобусқа күштеп салып, алып кетті.
«Ырысбек Дәбей: Жаңаөзен оқиғасы - жабық тақырып емес, әлі талай шығарма жазылар» - 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күнгі Жаңаөзен оқиғасынан сегіз жыл өткенде қазақ әдебиетінде алғаш рет осы оқиғаны баяндаған көркем шығарма, шығарма болғанда да көлемді еңбек – роман жарық көрді. Авторы – жазушы, ақын Ырысбек Дәбей. 17 адам қаза тауып, жүздеген азамат жараланған сол оқиға жөнінде бұған дейін дәл осындай ауқымды шығарма кітап болып шықпаған. 2012 жылы жазылған тағы бір роман бар. Бірақ авторы Серік Елікбайдың айтуынша, "баспалар басып шығаруға құлықсыз, сондықтан қолжазба күйінде әлі жатыр". Анығы – Ырысбек Дәбейдің "Қоңызы" Жаңаөзен оқиғасын сипаттап, баспа көрген алғашқы роман. Азаттық тілшісі роман авторымен сұхбат құрды.
«Қытайдың Қазақстан элитасын "жарылқауы" һәм "астамшыл" дипломатияның қыр-сыры» - Осы аптада Батыс баспасөзі Қытайдың Қазақстандағы “қаржылық дипломатиясының” қыр-сырын талдайды. Басылымдардың жазуынша, Қытайға қарсы наразылық күшті болып тұрған елде Пекиннің әрекеттері “кері нәтиже” беріп жатыр. Сонымен бірге ақпарат құралдары кісіні бет-жүзінен танитын қытайлық видеобақылау жүйесінің әлемді жаулап жатқанын жазады. Шетелдік басылымдар америкалық Tyson Foods компаниясының Қазақстандағы ет өндірісіне инвестиция салуды жоспарлап отырғанын және Қазақстан банктерін мемлекет есебінен “құтқарудың” жаңа кезеңі туралы айтады.