Атырау, 20 желтоқсан 23:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Сәбилер неге көп шетінейді?

4 288 просмотра

Жыл басында Атырау даудың ортасында қалды – прокурорлық тексеру перзентханалардағы сәбилер өлімінің жоғары деңгейде екенін анықтады («АЖ» №8, 23 ақпан 2012 ж., «Стандарт сәби өлімін арттырды» жарияланымын қараңыз).Сол кезде прокурорлар себебін анықтауға уәде берді. Бірақ біршама уақыттан кейін бәрі де бұл жағдай туралы естен шығарған болатын.  

Сөйтсек, тексеру нәтижелері бір айдан кейін дайын болған екен. Бірақ әлдебір себептерге байланысты БАҚ-тарға құжат жетпей қалыпты. 

Естеріңізге салсақ, прокуратура облыс орталығындағы екі перзентханаға бірден назар аударған еді. Ақпан айының ортасында медиктер тексерушілерге неліктен оларда жаңа туған сәбилердің шетінеп жатқандығын түсіндірген (әңгіме 13 факті туралы болып отыр). Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жорамалы бойынша, олар өздерінің кінәсі жоқ екендігін дәлелдей алған.

- Иә, біздің бір қызметкеріміз өлім себебін «пневмония» деп жазған бір факті болды, ал іс жүзінде бұл туа біткен пневмония екен. Бұл екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Ол қызметкер әкімшілік жаза алды. Алайда жалпы алғанда, сәби өлімі дәрігерлердің біліксіздігінен немесе перзентхананың өзінің жағдайына емес, анасының денсаулығына байланысты болып отыр, - деп растайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА  - Біздің мәліметтеріміз бойынша, репродуктивті жастағы әйелдердің 55,3 пайызы анемияға, 20 пайызға экстрагенитальды және 9,2 пайызы урогенитальды патологияға шалдыққан. Осының бәрі қосылып, мерзімінен бұрын босануға әкеледі. Бұл барлық туу санының 15,4 пайызын құрайды. Уақытынан бұрын дүниеге келген сәбилердің салмағы аз болғандықтан және ішкі ағзалары дамымағандықтан олар көбінесе жатырішілік туа бітті пневмония, өкпенің семуі (ателектаз), асқазанасты қан құйылу секілді ауруларға шалдыққыш болады.

Денсаулық сақтау басқармасы балалар өлімін азайтуға бағытталған жұмысты күшейтіп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта ана мен бала денсаулығын қорғау саласында 15 маман шетелде – Израильде, Литвада, Ресей мен Белоруссияда білім алып келген. Атыраулық әйелдерде неліктен мұндай сырқаттар көп, ненің салдарынан олар сәби көтере алмайды және тиесілі мерзімде босанбайды деген сұрақ қалып отыр. Бірақ бұл тақырып басқа мақаланың арқауы болмақ.

Анастасия ПАСТУХОВА

5 қараша 2012, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.