Атырау МӨЗ-да кешенді экологиялық тексеру жұмыстары басталды деп хабарлады бізге Атырау экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВ.
«АЖ» тілшісімен болған әңгімеде Е.Қуанов МӨЗ-да экологиялық тексеру Атырауды мұнай өнімдерінің жағымсыз иісі түгел жайлап алған 31 қазаннан бір апта бұрын ғана басталғандығын мәлімдеді.
-Экологтар сол сәтте зауытта болған болса, неге газ анализатоларының көмегімен шығарындыларды тіркеп алмады?
-Бұл сауалға Е.Қуанов былай деп жауап берді. Бұл ластаушы шығарылымның соншалықты айқындылығы сол бақылаушыларға ешқандай газанализаторларының қажеттілігі болмай қалды.
Қоршаған ортаға келтірілген зиянды анықтау жөніндегі тиісті акт жасалды ма деген сұраққа бас эколог бұл акттің тексеру аяқталғаннан кейін жасалатындығын айтты.
– Біз АМӨЗ уақыт өткен сайын мұнай берушілерден төменгі сұрыпты құрамында меркаптан және күкіртсутегі бар мұнайды алып отыр деген болжам жасап отырмыз. Біз зауытқа арзан, «лас» мұнайды қолдануға тыйым салғымыз келеді, тіпті, қажет болған жағдайда кәсіпорын жұмысын тоқтатуға дейін барамыз, - деді Е.Қуанов.
Естеріңізде болса, 2006 жылы Е.Қуанов экология департаментінің заң бөлімінің бастығы болған кезінде қаланың орталық бөлігін зиянды бумен тұншықтырған «Ақ Жайық» мұнай цистерналарын булау және шаю стансасын мөрлеп жауып тастаған болатын. Содан бері қарай «булау» стансасы жұмыс жасамайды.
Бізбен әңгімесінде бас эколог 31 қазанға қараған түні иістің басқа бір
– Сол уақытта «ҚазТрансОйл» ҰК Атырау мұнай құбырлары (АНУ) басқармасының мұнай резервуарларын тазартумен айналысқандығы жөнінде мәліметтер бар. Алайда, біз Қазгидромет арқылы 31 қазанға қараған түні оңтүстік-шығыс бағыттан, яғни, АМӨЗ жақтан секундына жылдамдығы 3-5 метр біркелкі желдің соғып тұрғанын нақтылап біліп алдық.
Әңгімелесу барысында біз мұндай қуатты шығарылымдардың зауыттың каталитикалық риформинг блогінің пештерінде жақында болған апаттың салдарынан орын алу мүмкін бе деген ойды да қозғап өттік. Оның нәтижесінде катализат және изомеризат өндірісі бойынша жабдықтар тоқтатылды. Бензинді изомерлеу қондырғысында улы химикаттардың қолданылатындығы белгілі.
2006 жылы АМӨЗ-да жапондық «Марубени Корпорейшн» компаниясы 360 млн долларға қайта жарақтандырудың бірінші кезеңін жүргізді. Зауыт басшылығы күкіртті ангидридті шығарылымды 38% азайтты деп мақтанды.Жоғары күкіртті мұнайды қайта өңдеу және одан күкірт алу мүмкіндігі бар делінген еді. Жоба аясында кезекші шаммен факельді қондырғы орнатылды, ол пайда болған қышқыл газды жағып жіберіп отырады. Қаланың түгілімен тұншыққандығына қарағанда, бұл жүйенің барлық саңылаулардан газ жіберетіндігін жоққа шығаруға болмас.
Е.Қуанов бұл болжамды тексеруге уәде етті.
Біз экологтан АМӨЗ-дағы газанализаторларының жұмыс сапасын тексеруін өтіндік. Өйткені, 31 қазанда біз АМӨЗ–ның бас инженерінің міндетін атқарушы Рүстем БИСАЛИЕВКЕ қоңырау шалғанымызда ол зауытта ешқандай шығарылымдар болмағанын, оны зауытта периметр бойынша 4 жерге орнатылған құралдар көрсеткіштері арқылы тексеруге болатындығын айтты. 2010жылдың басында Атырауға метрология және техникалық реттеу жөніндегі комитет төрағасы Ғабит МҰХАМБЕТОВТІҢ сапары кезінде кәсіпкерлердің облыстық одағымен болған кездесуде «АЖ» газеті одан зауыттағы газанализаторларға тексеру ұйымдастыруды өтінген болатын. Күкірт өндірісі бойынша қондырғыда күкіртсутегі бойынша сигнализаторда, УЗК аминді газды тазарту блогы және АТ-2 блогында, ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының сигнализаторларында дабыл деңгейі тым артып кеткен, сондықтан да олар үнсіз қалады.
2010 жылдың шілдесінде АМӨЗ басшылығы жазбаша түрде «АЖ» газетіне құралдардың шегі конценттардың рұқсат етілген шекті мөлшерінен төменгі деңгейде екендігін хабарлады. Бірақ, бұл шектеулер бұрынғы жағдайға қайтадан әкелуі де мүмкін.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ