Атырау, 18 желтоқсан 17:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«HRW: Әлем елдері Тоқаевты уәдесін орындауға көндіруі керек», «Шенеунік һәм депутатқа айналған журналистер», «Мәнізоров ісі: Бұл fake news, ал ақпараттық қауіпсіздікке кім жауапты?», «”Древний Рим” ісі: Баламды өлтіргендер жазаланған жоқ».

2 732 просмотра

AIKYN.KZ. «Той тәртібін түзеуге не кедергі?» - Жуырда редакцияға «Пәлен мекеменің құрылғанына 27 жыл толуына орай» тойға шақыру келді. Бұл бізге қазақтың «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» деген сөзін еске түсірді. Соңғы кездері тойдың түрі көбейіп кетті деп  даурығып жүргенімізде мұнысы енді тіпті өрескел болды.

AZATTYQ.ORG  «HRW: Әлем елдері Тоқаевты уәдесін орындауға көндіруі керек» - Әлем елдері Қазақстанның БҰҰ-да жақында есеп беретін сәтін пайдаланып, адам құқықтарын жақсартуға уәде берген жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сөзінде тұруға көндіруі керек. Бұл жөнінде Human Rights Watch халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы қарашаның 4-і күні мәлімдеді. Ұйым мәлімдемесі Қазақстан Женевада БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде есеп берерден үш күн бұрын жарияланып отыр.

«"Ұнамаса, кешірім сұраймын". Жауынгер қыздың ағаш мүсіні сынға қалды» - Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған жауынгер қыз Мәншүк Мәметованың ағаш мүсінін тұрғындар "сапасыз" деп сынағаннан кейін, билік оны алып тастады. Әкімдік мүсінге қатысы жоғын айтты, ал ескерткіш авторлары жұрттан кешірім сұрады.

«Дуадақ аулаған ханзада мен Мирзияевтің күйеу балалары» - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу балалары Ойбек Турсунов пен Отабек Умаров елге ителгімен дуадақ аулауға келген Дубайдың тақ мұрагері ханзадасы Хамдан бин Мұхаммед әл-Мактумды қонақ қылып күтті деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі - Озодлик радиосы. Бұған дейін Қазақстан үкіметі де араб шейхтарына жойылуға шақ қалған құсты аулауға рұқсат берген.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Мәнізоров ісі: Бұл fake news, ал ақпараттық қауіпсіздікке кім жауапты?» - Бағдат Мәнізоровқа байланысты айыптаулар сырт елдердің интернет басылымдарында жария болғанымен, біздің қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Осы орайда көрші елдердің де, Қазақстанның да ақпарат кеңістігінде бейтаныс сайттар бір ай бойы құзырлы органдар жария ете алмаған мәліметтерді қайдан алған деген заңды сұрақ туады. «Azattyq Rýhy» ақпарат агенттігі елдегі танымал сарапшылардан ақпараттық қауіпсіздік мәселесі мен тараған мақалаларда fake news белгілерінің бар-жоғын білуге тырысқан.

ZHASALASH.KZ. «”Древний Рим” ісі: Баламды өлтіргендер жазаланған жоқ» - Бүгін Қарағанды қаласында «Древний Рим» оқиғасына қатысты сот үкімі шықты.Жаңа жыл түні болған қанды оқиға қоғамдық резонанс тудырып, жүздеген адам көшеге шыққан еді. Қарағандыдағы «Жас Алаш» тілшісінің хабарлауынша, 13 айыпталушы бұзақылық және кісі өлтіру бабы бойынша әртүрлі жазаға тартылды.

«Шенеунік һәм депутатқа айналған журналистер» - Көкейіндегі балғын арманы журналистикаға сүйреп келген кей бозбалалар қазақ қара сөзінің қара нарына айналып, қасқайып алдымызда жүрді. Сөзімен үлгі болды, өнеге көрсетті. Ал сол арманымен ентігіп журфактың табылдырығын аттағандардың кейі аты шығып, атақ алған соң өзгеше сүрлеуге түсті. Әкімнің баспасөз хатшысы болды, партияның, президенттің баспасөзін басқарды. Тіпті, депутат, әкім орынбасары болып, қып-қызыл шенеунікке айналғандары да жоқ емес. Ендеше солардың бір парасын мәртебелі оқырманға ұсынып көрейік.


5 қараша 2019, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.