AZATTYQ.ORG «"Көкталда ештеңе өзгерген жоқ". Бес қыздың қазасынан кейінгі тірлік» - Азаттық тілшісі биыл қыста Ситер отбасының кәмелетке толмаған бес қызы өрттен қаза тапқан астаналық Көктал-1 ықшамауданының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Қайғылы оқиғаның соңы елде көп балалы аналар наразылығына ұласып, билік бірқатар жеңілдік жасауға мәжбүр болған еді.
«Уильям Мозер: "Тоқаев әкімшілігіне адам құқығын қорғауда реформа жасау керегін айтып келеміз"» - АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы билік транзиті, бейбіт митингі туралы заң және Қытайдың Шыңжаң аймағындағы жағдай туралы айтты.
AZATTYQ-RUHY.KZ «50 олигарх: Қазақстанның жер қойнауы кімдерді байытып жатыр?» - Тыныс-тамырлық пен мақтаншақтар бәсекесі – сарапшылар еліміздегі ең бай 50 адамның тізімі туралы осылай деді.
«Онлайн несие беретін компаниялар Ұлттық банк шектеулерін түрлі жолмен айналып өтеді» - Бөлшек тұтынушылық несиелер бойынша шағын несиелік ұйымдардың жылдық мөлшерлеме шегі 56% аспауы керек. Алайда жекеменшік компаниялар Ұлттық банк шектеулерін түрлі жолмен айналып өтеді.
ABAI.KZ. «Шыңғысханның анасы туралы жаңа роман» - Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында тарихи романдар шеруін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Нұрлан Санжардың «Жошы – шақырылмаған мейман» («Нежданный гость – Джучи») атты орыс тіліндегі тарихи романы толықтырды. Кітаптың мұқабасының безендірілуіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері суретші Сәбит Құрманбеков ат салысты.
AIKYN.KZ. «Әскерге баратын кім?» - Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күні республикамыздың қорғаныс саласының әскері 70% келісімшарт бойынша қызмет ететіндерден жасақталған. Қалған құрам көктемгі және күзгі маусымдарда мерзімді әскери қызметке шақырылғандармен толығады. Әйтсе де, әскерге іріктеу қандай талап бойынша жүзеге асады, әскерге бармай, әскери билетті алудың жолы бар ма?
«Еңбекақы екі бөлек. Неге?» - Қазақстандықтар мен шетелдік мамандардың еңбекақысындағы сәйкессіздік мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Бұл мәселенің тамыры да, тарихы да тереңде. Өркениетті елдер бұл мәселенің шешімін тапқан. Ал бізде әлі күнге шешілген жоқ. Мұнай-газ және тау-кен өндірісі саласының жұмысшылары еңбекақы сәйкессіздігін жиі көтеретін контингентке айналды. Себебі шетелден мамандар дәл осы салаларға жиі тартылады.
QAMSHY.KZ. «Кедей елді әлемге әйгілі мемлекетке айналдырған саясаткердің үздік 10 қағидасы» - Ли Куан Ю – қайталанбас көшбасшы және Сингапур елінің негізін қалаған алғашқы премьер-министр. Ол 2015 жылы 91 жасына қараған шағында дүниеден озды. Ли Куан Ю реформалары артта қалған Азия елін алдыңғы қатардағы мемлекетке айналдырған саясаткер ретінде тарихта қалды.
INFORMBURO.KZ. «Кредиттік амнистия. Популизм бе, әлде нақты әлеуметтік көмек пе?» - Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 105 млрд теңгенің қызығын кім көрді? Тұрмысы төмен халық па, әлде оңды-солды несие бергіш банктер ме?