19 қазанда «Ресей газетіне» «Көршілер. Қазақстан ақыл-ойды дамытуда» айдарымен Сергей Бондаревтің мақаласы жарияланды. Материалда журналист Қазақстанның ғылыми-білім беру саласын жаңғыртудағы және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды факторларға талдау жасайды.
«Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты құрбандарының бірі – білім беру жүйесі. Тіпті, салыстырмалы түрде әлеуеті жоғары елдердің өзі оған төтеп бере алған жоқ. Жүз мыңдаған мамандар қысқартуға ілігіп, АҚШ пен Еуропада педагогтар жаппай ереуілге шықты. Салдарынан экономиканың бәсекеге қабылеттілігі төмендеп, тұтас қоғам күйзеліске ұшырады. Ал Қазақстанда, керісінше, білім беру ғана емес, экономиканың барлық саласы ілгері қарай басты», - делінген мақалада.
«Давостағы форумға қатысушылардың бағалауынша, Қазақстан бұл жылдары ешбір елдің қысымына ұшырамай, бәсекелестікке қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 орынға көтеріліп, бүкіл әлемді таң қалдырды. Оның басты себептерінің бірі – ғылыми-білім беру саласындағы қуатты серпіліс. Бұл ел ғылым мен білімге қаржыны аямайды. Білім беруге жұмсалған шығындар өзге елдерде қысқартылып жатқанда, Қазақстанда тек соңғы екі жылдың ішінде үштен екіге артқан», - деп хабарлайды «Ресейлік газет».
«Қазақстан жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-білім беру саласында қарқынды дамып жатқан ел. Онда ТМД елдерінде, көбінесе әлемде енді талқыланып жатқан жобалар іске асырылып жатыр. Мысалға, Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып жоғары білім берудегі «бакалавр – магистр –философия докторы» үш деңгейлі оқыту жүйесіне толығымен көшті. Бұл өте маңызды қадам мұқият зерттелді», - деп есептейді журналист.
Дереккөз: bnews.kz