Атырау, 24 желтоқсан 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Димаш Құдайберген қытайлық мектеп оқулығының беттерінде жүр

2 867 рет қаралды


Димаш Құдайберген туралы Қытай мектеп оқулықтарында мәлімет жүр. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлаған.  

"Өзіңді Қытай мектеп оқулықтарынан көрген керемет екен", - дейді әнші.  


Жоғары сынып оқушыларына арналған кітапта әншінің биографиясы жазылған.  "Димаш бала кезінен музыкалық талант иесі. Бірақ ол әлі де оқуда табандылық танытып, вокал қабілеттерін дамытып, әнді жақсы жеткізу үшін бірнеше тілді үйреніп жүр. Димаштың еңбекқорлығы биік жетістіктерге жетуіне ықпал етіп жатыр", - дейді кітап авторлары.  

Сондай-ақ, қытай оқушыларына Димаш туралы бірқатар сұрақ ұсынылған.  Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің Қытай еліндегі танымалдығы 2017 жылы I'm singer жобасына қатысқаннан кейін арта түскен. Байқауда финалға дейін жетіп, екінші орынды иеленген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


13 қыркүйек 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.