Атырау, 25 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» қашан кездеседі

2 462 рет қаралды


Елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде алғашқы ойынын Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алғашқы кездесу қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні өткізіледі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.00-де Манчестер қаласындағы «Олд Траффорд» стадионында басталады.

Қарымта кездесу 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында болады.

Естеріңізге сала кетелік, UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылып, «Астана» L тобында Англияның «Манчестер Юнайтед», Сербияның «Партизан» және Голландияның АЗ «Алкмар» командаларымен шеберлік байқасады.  

Дереккөз: prosports.kz

1 қыркүйек 2019, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.