Атырау, 19 сәуір 20:40
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бүгін қазақстандықтар Білім күнін атап өтеді

2 223 просмотра


Бүгін – Қазақстанда Білім күні. Барлық мектепте оқушылар үшін салтанатты жиын өтеді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында үш миллионнан астам оқушы мектепке барады. Соның ішінде 400 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.

"Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында бүгін жаңа білім ошақтары ашылады. Республикалық бюджет есебінен 115 мектеп салынып жатыр, соның ішінде биыл 57 нысан пайдалануға беріледі", - деп хабарлады ведомстводан.

10 мыңнан астам жас педагог кәсіби қызметіне кіріседі.

Осы жолы бірінші қыркүйек жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен, мектептерде сабақ дүйсенбі, 2 қыркүйекте басталады.

Айта кетсек, Білім күні тек Қазақстанда ғана емес, посткеңестік кеңістіктің көптеген елінде – Ресей, Армения, Беларусь, Молдова, Түрікменстан, Украина және тағы басқа мемлекеттерде аталып өтеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 қыркүйек 2019, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.