Атырау, 30 желтоқсан 01:25
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Кәсіпорын жұмысшылары Қорғаныс министрлігін алаяқтық жасайды деп айыптауда

2 185 просмотра

Жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорынның жұмысшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің қамтамасыз ету жүйесіндегі ШОБ жойып, мемлекет беделіне нұсқан келтіретін алаяқтық туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін баспасөз мәслихатына қатысқан "ViraTech" ЖШС жұмысшылары кәсіпкерлер мен мемлекетті алдау бойынша алаяқтық сызбасын дәлел ретінде ұсынды. Мемлекет қаржысының есебінен жөндеуге берілген жарамсыз техникалар одан әрі жеке тұлғаларға сатылады, ал сатылған техника артынша істен шығып жатады.

Жұмысшылардың айтуынша, сеніп тапсырылған техника әбден тозығы жеткен. Тат басып, тозығы жеткен техникаларды бөлшектеп, "күрделі жөндеуден өткен" деген желеумен тендерге шығарады. Техникалар жұмысшылардың маңдай терімен қалпына келтірілген бірақ жөндеу жұмыстары құжат бойынша рәсімделмеген. Ал осы тозығы жеткен техникалар "күрделі жөндеуден өтті" деген желеумен ашық тендерге шығарылады. Өз кезегінде оларды "есептен шығарылған техника" ретінде сатуға болады. Ал мемлекет пен оның қорғаныс мекемесіне сенген жоғары білікті жұмысшыларға тиісті төлем төленбей, олар тақырға отырып қалған, ең бастысы олдың мемлекет пен заңға деген сенімдері жоғалған.

"ViraTech" ЖШС - Алматыдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорын. Арнайы техникаларды жөндеу жұмыстарымен айналысатын мекеме 2011 жылдың 31-мамыры күні арнайы мақсаттағы жасақтың автомобиль крандарын жөндеу үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің Материалдық-техникалық жабдықтау Бас басқармасының жариялаған тендерін ұтып алады.

"Техникалары 20 жыл пайдаланудан кейін істен шығып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі 5 жыл бұрын туындаған болатын. Одан бері бүкіл Қазақстан бойынша ол ашық аспан астында тат басып тұрған болатын. 2011 жылы мемлекеттік сатып алу туралы сайтта тендер туралы жария пайда болды", дейді кәсіпорын директоры С. Голдобов.

Бірінші рет тендер 2011 жылдың 28-наурызында жарияланды. Наурыздағы тендердің шарты бойынша 18 бірлік техникаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6 ай берілген. Ал жалпы бюджет 80 млн теңгені құраған. Жария етілген мәліметтерге қарағанда, 16-20 тонналық әрбір кранды жөндеу 5,5 млн теңгеге, ал 7 тонналық кранды жөндеу 2,6 млн теңгеге бағаланған. Бірақ тендер өтпей қалды, ал шарттары сол қалпы қалған болатын. Келісім шартта жұмысты аяқтау мерзімі - 2011 жылдың 30-қыркүйегі деп белгіленген. Соған қарамастан жұмысты бастау мерзімі ашық күйнде алып отыр.

"31-мамыр күні қайта өткен тендерден кейін, жөндеу жұмыстарын бастау мерзімі тағы бір жарым айға шегерілген. Оның астарында не жатқаны белгісіз. Біз келісім шартты тек 2011 жылдың 27-шілдесінде алдық. Алдын ала төленетін төлемді де қолымызға кеш тиді. Ал келісім шартта жобалық-сметалық құжаттама болмаған. Жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі және оның құны ойдан шығарылған. Біз мұны тек техникалын толық алғанда ғана түсіндік. 24407-80 және 24408-80 мемлекеттік талаптар бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына өткізілетін техника түгелдей жинақталған болу керек. Ал жеткізілген техникалар түгелдей дерлік бөлшектелген, өз бетімен қозғалту мүмкін емес еді. Тралдармен тасу жөндеу жұмыстарын жүргізетін орынға жеткізу мерзімін тағы бір айға ұзартты. Нәтижесінде, 2011 жылдың 6-қыркүйегінде біз үйілген темір қалдықтарының астында қалдық, ал бұл үйіндіні 30-қыркүйекке дейін, яғни төрт апта ішінде қалпына келтіру тиіс болатынбыз".

Ақпан айының ортасында, қосымша комплектациялау бойынша жұмыстың негізгі бөлігі атқарылған кезде біздің алдымыздан есік тарс жабылды. Тапсырыс беруші келісім шарт мерзімінің аяқталғандығын желеу етіп, қорғаныс министрінің орынбасары С.Н. Громовтың қолы қойылған хатында Қорғаныс министрлігі өз міндетінен бас тартатындығы айтылған. Соның салдарынан біздің кәсіпорын банкротқа ұшырап отыр.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ алдын ала төленген төлемді қайтару туралы және де 30 күн кешіктіргендігі үшін айыппұл төлеу туралы шағым түсіріп үлгереді. Яғни, құны 102 миллион теңге тұратын жөндеу жұмыстарын атқарғаны үшін кәсіпорынға бір тиын да төленбейді, керісінше 20 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге мәжүбір болады.

Одан әрі тараптар сотта кездеседі. Бірақ жұмысшылар бұл мәселеге қатысты шыққан сот шешімінен әділетсіздік екендігіне көз жеткізеді. Сапасы мен атқарылған жұмыстардың құнын белгілеу бойынша техникалық сараптама тағайындау туралы талаптар негізінде келтірілген 54 беттік дәлелдемелер назарға алынбаған. Мүмкін, техникалық сараптама жүргізудің қажеттілігі де жоқ болар?

2012 жылдың ақпан айынан бастап жөнделіп, құрастырылып, сынақтан өткізілген техника Тапсырыс берушінің есебінде ескі-құсқы темір-терсек ретінде тұр. Оның күні ертең не болатыны белгісіз - мүмкін салық төлеушілердің ақшасына тағы бір "әділ" тендер өтер, немесе есептен шығарылған темір-терсек ретінде арзандатылып сатылар.

"ViraTech" ЖШС (Мердігер) - Алматыдағы жеке меншік компания. Арнайы техникаларды жөндеу жұмыстарымен айналысады. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардың тәжірибелері мол. Орасан зор парк шетелдік және ресейлік автокрандарды қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарымен айналысады. Бізге бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыстар түсіп жатады. Біз өзіміздің бет-беделімізді бағалаймыз, және де оны сақтап қалуға тырысамыз. Осы күнге дейін алға қойылған міндеттерді табысты орындап келгенбіз. Республикалық деңгейдегі жүздеген тапсырыс берушілеріміз де бар. Атап айтсақ, "ҚазМұнайГаз", "ҚазСтройСервис", "Қазхиммонтажхолдинг", ТЖМ, әскери ұйымдар, шаруалар, құрылысшылар, жнергетиктер мен автокөлік кәсіпорындары және т.б.", -деп атап өтті директор С. Голдобов.

Дереккөз: kt.kz

18 қазан 2012, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.