Үстіміздегі жылы атыраулық боксшылар ірі жарыстардан бірде-бір алтын алған жоқ, бірақ басқа бағалы металдан құйылған медальдар жеткілікті болды. Мамандар бүгінгі күні бізде бокс басынан қатты есеңгіреуді өткізіп отыр деп есептейді. Жаттықтырушыларымыздың жігер-күшінің артып отырғандығы соншалық, егер біздің Атырау топырағында Серік Сапиевтей спортшы дүниеге келсе, біз оны олимпиадалық медальға жеткізе аламыз дейді. Бүгін біз осы тақырып аясында облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Дінмұхамед ШӘРІПБАЕВПЕН әңгіме қозғадық.
СЕМИНАРДЫ МЫҚТЫЛАР ӨТКІЗЕДІ
Дінмұхамед Әлиқанұлы Шәріпбаев, 46 жаста, «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, спортшы, «ҚМГ-Бұрғылау» әуесқой хоккей командасының капитаны.
- Федерация белсенді түрде жұмыс істеп келеді, турнирлер өткізіледі, жергілікті жігіттер сол жарыстарда жақсы шеберлік танытуда, алайда республикалық деңгейдегі нәтиже жоқ...
- Бәрі бірден болмайды ғой. Біздің міндетіміз - бокстың дамуына жағдай туғызу. Біз бірнеше бағытта жұмыс істейміз. Біріншіден - жас жаттықтырушыларды оқытамыз. Оларды оқуға жіберуде қаржы жағынан қиындықтар бар. Сондықтанда біз өзімізге мамандар шақырамыз. Бірінші болып педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Виктор БАРАНОВТЫ шақырдық. Ол КСРО құрамасын 1981-87 жылдары жаттықтырды. Өзі жеке халықаралық дәрежедегі 11 және 80- нен аса Кеңес Одағының спорт шеберлерін тәрбиелеп шығарды. Ол Атырауда екі семинар өткізді. Біріншісі өткен жылдың 12-16 желтоқсанында, екіншісі осы жылдың 25-30 сәуірінде өтті. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовты еске алу құрметіне орай ұйымдастырылған халықаралық турнирді өткізу барысында жергілікті жаттықтырушылармен семинарды Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділовтың тәлімгері Фелик ЦОЙ және 2003 жылдың әлем чемпионы Галиф Жафаровтың жеке жаттықтырушысы Әлімбек БАЛМАҒАМБЕТОВ өткізді.Жыл аяғына дейін біз тағы да осындай 3-4 семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Ресейдің еңбегі сіңген жаттықтырушысы Василий ФИЛИМОНОВТЫҢ өткізуімен дәрісі тыңдалмақшы. Қазір Алматыда жаһанды жоба жүзеге асырылуда - Бүкіләлемдік әуесқой бокс ассоциациясы академиясы салынуда. Барлығымыз осы жағдайды асыға тосып жүрміз. Ғимарат жартылай салынып бітті. Академия жаттықтырушылардың, төрешілер мен спортшылардың біліктілігін арттыратын болады. Мұнда семинарларға әлемнің ең таңдаулы деген бапкерлері шақырылатын болады. Біз бұған өзіміздің де мамандарымызды жібереміз деп үміттеніп отырмыз. Бұл, сөзсіз, бокстың дамуына барынша септігін тигізбек.
АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ТАЛАНТТАР
Екіншіден, жастармен жұмыс жасаймыз. Бізде бір жылда облыстық бокс федерациясының кубогінің жүлдесі үшін жасөспірімдерге арналған 4 турнир өткізу жоспарланып отыр. Олар тек мектеп оқушыларының каникулы кезінде аудан орталықтарында ғана өткізіледі. Осылайша біз аудандардағы бокстың даму деңгейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Қысқы каникул кезінде біз бұл жарысты Доссорда, көктемде Махамбетте, жазда Аққыстауда өткіздік. Федерация аудандарда тұру, тамақтану, тасымалдау көлігі секілді барлық шығынды өзі көтеріп алды. Полиция қызметкерлерін тарту арқылы күзет ұйымдастырамыз, өйткені, криминалдық жағдайы қиын аудандар бар.
Қыркүйек айының аяғында біз еңбегі сіңген жаттықтырушы Қамбар Андашевты еске алу құрметіне орай 1996-97 жылы туған жасөспірімдер арасында турнир өткіздік. Бұл жарыстар республикалық федерацияның күнтізбелік жоспарына енгізілді.
Мен осы жағдайды пайдаланып, бас директор Мақсот Мамбетовбастаған өз ұжымым «ҚМГ-Бұрғылау» ЖШС-не, «ЖігерМұнайСервис» ЖШС бас директоры Асхат Дүйсалиевке, «ЕмбіМұнайГаз» ӨФ бас директоры Жұмабек Жамауовқа, сондай-ақ, облыстық бокс федерациясының президенті Асқар Балжановқа және бірінші тете-президент Асқар Әубәкіровке демеушілік көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз аудандарда жарыстар өткізе отырып табиғатынан талантты балаларды іріктеп аламыз. Соңғы қала күніне арналған жарыста бұл балалар өздерін көрсете білді, біздің таңдауымыз бекерге шықпады. Олар Ганюшкиннен Мерей Құрманғазы, Мақаттан Расул Сатенов және Қазбек Сапенов, Аққыстаудан Аян Қабидоллаев және Бексұлтан Шахпатулла.
Жыл басында біз олардың ата-аналарымен сөйлестік. Олар балаларын қалаға бокспен табанды да тұрақты түрде айналысуы үшін алып кететіндігімізге қарсы болған жоқ. Осылайша біз алты баланы қалаға әкеліп, Жилгородоктағы «Жемчужина» шипажайына орналастырдық. Олар төрт мезгіл тамақтанады, күніне бірнеше рет Жайық жағалауымен жүгіреді. Атырау қаласының мектептерінде оқиды. Таяу арада біз өзіміздің тәрбиеленушілеріміздің санын 15-20-ға дейін көбейтуді ойластырып отырмыз, олардың қатарына қалалық балалар да кіреді. Біз осылайша облыстың жасөспірімдер құрамасының 2 құрамын құруды көздеп отырмыз.
РИНГТЕР МАРШРУТЫ
- Қыздар боксына қатысты сіздің қандай жоспарларыңыз бар?
- Біз бокстың бұл түріне бұрынғысынша тиісті көңіл бөлетін боламыз. Ақпанда Атырауда Қазақстан чемпионаты өтті, онда біздің қыздарымыз өз шеберліктерін танытты. Оларды біздің танымал жаттықтырушымыз Алексей Павлович ЮН дайындайды.
- Федерация спорт залдарын жабдықтау барысында қандай көмек көрсетіп отыр?
- Біз 5 ринг алаңдарын, 170 қапшықты, 350 жұп қолғап, киім-кешектер және басқа да қажетті мүліктерді сатып алдық. 2 ринг «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бірінші қабатында болатын жаңа боксшылар залына орналастырылады. Тағы бір ринг Химпоселкедегі жаңа спорт залға орнатылады, бұл залды жаттықтырушылар Бермешев, Руслан Шәріпов және Қайрат Қонақбаевтар өз күштерімен жасақтаған еді.
Біз Махамбет ауданының әкімімен сөйлестік, ол бізге спорт залын ашуға уәде берді, сол себепті төртінші ринг сол ауданға жолданатын болады. Ал бесіншісін Ганюшкинге жібереміз. Онда типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда. Біз кешен жылдың аяғында ашылады деген ойдамыз. Және жаңа орында Жұмекен Нәжімеденовті еске алу құрметіне арналған дәстүрлі турнирді өткізуді жоспарлап отырмыз.
- 6 қазанда Қазақстан бокс федерациясы кубогінің 1/8 финалының аясындағы матчтық кездесуде біздің құрама Батыс Қазақстан облысының құрамасын 7:3 есебімен жеңген болатын. Сізді өте ауыр салмақ бойынша бақ сынаған Дастан Құрманбековтың жекпе-жегінен басқа барлық ауыр салмақтағы жекпе-жекте ұтылып қалғандығымыз таңдандырмай ма? Және сіздер маңғыстаулықтармен болатын матчта қалай өнер көрсетпексіздер?
- Мен біздегі 75 келі және одан жоғары салмақ бойынша проблема жоқ емес, онымен келісемін. Бірақ, мен сол кеште біздің боксшыларымыздың «жұмысына» риза болдым. Олардың барлығы адал жекпе-жек көрсетті, шынайы жұдырықтасты. Ал енді алдағы маңғыстаулықтармен болатын матчқа келетін болсам, біздің қарсыласымыз Қазақстан құрамасының ең таңдаулыларының бірі. Егер біздің жігіттеріміз бар күштерін жұмсаса, біз жеңіске жете аламыз деп ойлаймын.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ