Атырау, 18 желтоқсан 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«"Титушкалар" мен "тәтешкалар". Наразылық кезіндегі арандатушылар несімен қауіпті?», «Сібірдегі өрт: АҚШ орман өртін сөндіруге көмектесе ме?», «”Кадрлық резерв” кімдерді іріктейді?», «Кімнің қарызы кешіріледі, кім кешіреді?», «Әлем назары – халалда, көшем

2 580 просмотра

AZATTYQ.ORG «"Титушкалар" мен "тәтешкалар". Наразылық кезіндегі арандатушылар несімен қауіпті?» - Азаттық "Настоящее Время" телеарнасының журналисі Ирина Ромалийская және қырғызстандық заңгер Атыр Абдрахматовамен сөйлесіп, бейбіт жиындарға қарсы күрес құралына айналған арандатушылар феноменінің Қазақстан қоғамына қаупі жайлы пікірін сұрады.  

«"Үйіміз тұруға жарамсыз". Арыста ондаған тұрғын жаңа үй салуды талап етеді» - Арыста ондаған тұрғын жарылыстан соң зақымданып, «жарамсыз болып қалған» үйлерін құлатып, жаңа үй салуды талап етеді. Құрылыс сарапшысы 50 шақты үйді құлату мәселесі әлі шешілмей тұрғанын растады.

«Сібірдегі өрт: АҚШ орман өртін сөндіруге көмектесе ме?» - Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру жолын іздеген АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Сібірде жайылған орман өртін сөндіру бойынша көмектесуге дайын екенін айтты.

AIKYN.KZ. «Әлем назары – халалда, көшеміз қандай амалға?» - Қазақстан араб елдеріне ет экспорттай алмай отыр. Өйткені, біздің елде   халал индустриясы туралы заңды жүзеге асырудың шаралар жоспары қабылданбаған.  2015 жылы Органикалық өнімдер өндірісі туралы заң   қабылданғанымен, әлі күнге  оны жүзеге асыру  жоспары түзілмеген. Айтқандай, Қазақстан қайбір жылдары Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құруды ұсынған. Осындай ұтымды ұсыныс жасаған елде халал өнімдерін өндіру саласына қатысты заңнама жоқ – парадокс!  

«Кімнің қарызы кешіріледі, кім кешіреді?» - Мемлекет басшысының  өмірлік қиын жағдайда қалған қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту жөнінде Жарлығын халық жақсы қабылдады. Несиесін өтей алмай  қиналып жүргендер бұл жаңалықты несиеміз жабылады деп түсінгені рас. Алайда бұл жеңілдік несие алушылардың белгілі бір тобына ғана арналғанды. Ол жөнінде жарлықта егжей-тегжейлі жазылған.

«”Кадрлық резерв” кімдерді іріктейді?» -  Жақсы қызметті кім жек көрсін. Екінің бірі демесек те, әрбір үшінші адам ыңғайы келсе тәуір жұмысқа барғанды теріс көрмейді. Тіпті сондай орынға ілдебайлап жетіп алып, мемлекеттің қазынасын шашып-төгіп, өз мақсатына бұра тартуға біржола кіріскендер де баршылық. Соның бәрі қызметтің қадірін білмегеннен, биік креслоға өз білім-дәргейімен жетпеген соң сияқты.

«Субсидия берудегі сыбайластық басшыны қызметтен кетіруі мүмкін» - Ауыл шаруашылығы саласында халыққа көрсетілетін қызмет түрлерін цифрландыру жүріп жатқанымен, жемқорлық деректері тыйылар емес. Соңғы 4 жылда бұл салада 500-ден астам жемқор­лық дерегі тіркелген. 221 лауа­зымды тұлға қылмыстық жауапкерші­лікке тартылып, 143 адам сотталған. Азаматтар тарапынан Президент әкімшілігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне шағым көп түседі екен.


2 тамыз 2019, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.