Атырау, 18 желтоқсан 20:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Ғ.Әбдірахымовтың "саяси қателігі" және "қазіргі әкімдер образы"», «Митинг өткізудің қазақстандық үлгісі.Рұқсат алу керек пе, ескерту жеткілікті ме?», «Парламент сайлауы қашан өтеді?», «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде популистер көп пе әлде аналитиктер ме

2 487 просмотра

AZATTYQ.ORG «Митинг өткізудің қазақстандық үлгісі. Рұқсат алу керек пе, ескерту жеткілікті ме?»  - AzattyqLIVE хабарында Қазақстанда митинг, бейбіт шеру, пикет өткізудің ережесі мен тәртібі және соңғы кездердегі осы бағыттағы өзгерістер жайы талқыға түсті. Хабар сарапшылары "Байтақ болашақ" ұйымының жетекшісі Азаматхан Әміртаев және азаматтық белсенді Бэлла Орынбетова болды.

«Ғабидолла Әбдірахымовтың "саяси қателігі" және "қазіргі әкімдер образы"» - Лондоннан видео жариялап, қоғам сынына ұшыраған Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көп кешікпей қызметінен босады. Кейбір сарапшылар “билік қоғам сынына жылдам реакция танытты” деп шенеунік отставкасын соңғы оқиғамен байланыстырса, кейбірі бұл пікірмен келіспейді.

«Қазақстанда айыпталып, Болгария азаматтығын алған полковник» - Болгария билігі бұрын Қазақстан азаматы болған Қайыр Рахымовты болгар азаматтығынан айыруды ұсынып отыр. Қайыр Рахымов есімді азамат 2000 жылдары Қазақстан қорғаныс министрлігі аэромобильді әскер қолбасшысының орынбасары қызметін атқарып, қару-жарақ сатып алуға байланысты жемқорлық дауына ілінген.

«"Алла қорғасын". Түркімен жұлдыздары "Арқадағтың" амандығын тіледі» - Түркіменстанда ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің қайтыс болғаны туралы қауесет таратқандарды ұстап жатыр. Әлеуметтік желілерде түркімен эстрадасы жұлдыздарының "президент денсаулығы" туралы "жалған хабар" таратушыларға сенбеуге шақырған үндеулері жарияланды.

ABAI.KZ. «Парламент сайлауы қашан өтеді?» - Алтыншы сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясы аяқталғанына айға жуық уақыт болды. Шілде айынның басынан бері депутаттар демалыста жүр. Бесінші сессияның басталуына әлі біраз уақыт бар. Оған дейін біздің зейнеткер депутаттар алаңсыз ел қыдырып, өткен жылды қорытындылай беруіне болады.

CAMONITOR.KZ. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде популистер көп пе әлде аналитиктер ме?» - ҰҚСК-ін құруды жалпы алғанда оң бағалауға болады, өйткені қандай да бір диалогтың болғаны оның мүлдем болмағанынан әлде қайда жақсы. Алайда, қоғамның үміттерін ақтау үшін ол түрлі пікірлерді білдіру алаңына ғана емес, сондай-ақ мұқият талдау негізінде және ақылдасып отырып елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды өзгертуге бағытталған салмақты және нақты жүзеге асырылатын ұсынымдар әзірленетін орынға айналуы тиіс.

INFORMBURO.KZ. «Билік транзиті: әліптің арты не болмақ?» - Қалай дегенмен көптен күткен саяси транзит Қазақстанда басталып кетті.Ол жайында ертеректе келтірілген жорамалдар өзін-өзі түгелдей дерлік ақтамады. Естеріңізде болса, біреулер ақтық демі шыққанша тұңғыш елбасы президенттік тақта отырады деген пайымда болды.

«Қазақстандықтардың 48 пайызы банк есігін ашып көрмеген екен. Ел экономикасының дамуы үшін жаппай қаржылық сауат керек» - Экономист Қасымхан Қаппаровтың айтуынша, 2018 жылы Азия даму банкі Қазақстандағы қаржылық сауаттылықты зерттепті. Онда стратегияның қажеттігін үш түрлі себеппен түсіндіріпті.


1 тамыз 2019, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.