Атырау, 18 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Қауіпсіздік сертификаты неге күмән туғызады?», «Қауіпсіздік сертификаты цензура мен аңдудың жаңа тәсілі ме?», «Қашанғы Т.Дүйсенованың қателіктерін қайталай беруге болады?», «А.Шпекбаевтың командасы неліктен профанациямен және көз бояушылықпен айналысады?

2 490 просмотра

AZATTYQ.ORG «Серікжан Біләштің ісін Алматы сотының қарауына жолдады» - "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің үстінен қозғалған істі Алматы сотының қарауына жіберді. Мұндай шешімді Нұр-Сұлтан соты қабылдады. Қытайдағы аз ұлттарға жасалған қысым мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерген белсенді төрт айдан бері Нұр-Сұлтанда үйқамақта отыр.

«Қауіпсіздік сертификаты неге күмән туғызады?» - Биліктің QazNet Trust Network ұлттық қауіпсіздік сертификатын енгізуге талпынысынан кейін Қазақстан әлемдік қауымдастық назарына ілікті. Жаңа сертификаттың мақсатын "қолданушыларды кибершабуылдар мен заңсыз контенттен қорғау" деп таныстырған билік мәлімдемесімен "азаматтарға сертификат қызметін дұрыс түсіндірмей отыр" деген IT мамандар келіспейді. Құқық қорғаушылар елдегі цензура күшейеді деп қауіптенеді.

«Қауіпсіздік сертификаты цензура мен аңдудың жаңа тәсілі ме?» - Батыс баспасөзі Қазақстан үкіметінің жергілікті интернет қолданушылардың HTTPS трафигін жолдан бақылап отыруға кіріскенін сынап жатыр.

ABAI.KZ. «Сайлау мәдениеті және демократия баспалдағы» - Империя ұлысқа, ұлыс хандыққа, хандық жүзге, жүз тайпаға, тайпа болыстыққа айналып қиқымдалып кеткен халқымыз жетпіс жылдық темірдей қатаң диктатураның сүзгісінен миы сүзіліп шыққан соң, дербес ойлап, жеке пікірін айтатын қабілетінен айырылып қалды. Жалтақтық, пайдакөстік, өзімшілдік, суайттық, пәлеқорлық негізгі “қасиетімізге” айналып кетті.

«Айтыскер ала болса, айтыстың қадірі кетеді...» - 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Алтын домбыра» айтысын биыл Ақ Жайық өңірі қабылдайды. VIII кезекті аламан айтыс Орал қаласында өткелі отыр. Бұл туралы халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман мәлімдеді.

«Жер қорыған қызғыш құс» - Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заманының дүлдүл азаматы, алғашқы математика профессоры Әлімхан Ермекұлы туралы айтып-жазу – өте қиын іс.

«Атамбаев: Бөтен елдің сайлауына араласпау керек» - Осыдан тұп-тура екі күн бұрын қоңсылас жатқан қырғыздың экс-президенті Алмазбек байке Атамбаев Мәскеу ұшып кеткен еді. "Ақаев ағасының ақылын сұрауға кетті" деп кекесінге салғандар да болды. "Атамбаев Кремльге бас сауға сұрап барды" дегендер де болды. Несін сұрайсыз, осы кеткені кеткен деген Атамбаев кеше Қырғызстанға қайтып оралды.

«Сайлау мәдениеті және демократия баспалдағы» - Империя ұлысқа, ұлыс хандыққа, хандық жүзге, жүз тайпаға, тайпа болыстыққа айналып қиқымдалып кеткен халқымыз жетпіс жылдық темірдей қатаң диктатураның сүзгісінен миы сүзіліп шыққан соң, дербес ойлап, жеке пікірін айтатын қабілетінен айырылып қалды. Жалтақтық, пайдакөстік, өзімшілдік, суайттық, пәлеқорлық негізгі “қасиетімізге” айналып кетті.

CAMONITOR.KZ. «Қашанғы Тамара Дүйсенованың қателіктерін қайталай беруге болады?» - Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы реформасының мәнін халыққа жеткізе алмағанымен танымал. Нәтижесінде ол қоғамда жақтырмаушылық тудырғаны үшін «демалуға» жіберілген болатын. Сол кезден бастап оның есімі жиі аталатын болды - ол енді жеке позициясын ғана емес, сонымен қатар мемлекет жүзеге асыратын бастамалардың мәнін де түсіндіруге қабілетсіз шенеуніктердің тұтас санатын бейнелейді.

«Қазақ тілі: сөйлеушілер көп, ал нақты істер аз» - Қоғамдық пікірді үздіксіз дүрліктіріп отыратын тақырыптардың бірі - қазақ тілінің жағдайы мен болашағы. Әртүрлі пікірлер көп, сұрақтар одан да көп, ал шешілмеген мәселелер, ел халқының жалпы санындағы байырғы этнос үлесінің жылдам өсуіне қарамастан, өмір жиегінің бойында ең төмен жылдамдықпен, асықпай қозғалып келеді. Бір сөзбен айтқанда: қазақтар барған сайын көбейіп жатыр, ал олардың тілі бұрыннан бері екінші орында болғандай, әлі де сол жерде де қалып отыр.

«Алик Шпекбаевтың командасы неліктен профанациямен және көз бояушылықпен айналысады?» - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаевтың қарамағындағылары – іздеп таптырмайтын фокусшылар. Олар бір жыл бойы аса шеберлікпен сенімшіл қазақстандықтарға шынайылығына ешбір күмән тұдырмайтын оптикалық иллюзиялар мен есту галлюцинацияларын жіберіп отырды. Олардың соңынан парламент депутаттары да болымсыз нәрселерді айта жөнелді. Бірақ ол елестердің барлығы кейіннен жоққа шығарылды. Ал енді осы иллюзионның қатысушыларының қалыптасқан жағдайды өзгертуге шамалары келмей отыр.


29 шілде 2019, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.